«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетаулық іскер әйелдер салалық қауымдастықтарды құрмақ

2018 жылғы 12 Сәуір
- Ақмола облысы
5307 просмотров

Көкшетауда өткен Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің отырысына «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдері кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова ақмолалық кәсіпкер қыз-келіншектерді салалық қауымдастыққа бірігуге шақырды.

Аталған бастаманы көтерген Лаззат Рамазанова Іскер әйелдер кеңестері бүгінде сәтті әрі тиімді жұмыс істейтін ұйымдар ретінде танылғанын атап өтті.

 Спикердің айтуынша іскерлік байланыстың инновациялық формасы – әйел кооперациясын қалыптастырудың уақыты келді.

  «Салалық қауымдастықтар арқылы біз әртүрлі салалардағы кәсіпқой белсенді әйелдердің ынтымақтастығын республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де ұсына аламыз.  Бізде нақты мақсатты аудитория қалыптасқан, міндетіміз баршаға анық әрі түсінікті. Енді әйелдер коопарциясы аясында көп мүмкіндік беретін құрылымдық бірлестіктерді құру қажет», – деді Лаззат Рамазанова.

Қазіргі таңда өңірлік бизнес дамуы құрылымында әйел кәсіпкерлігі 50%-ды құрайды. Салалық бірлестіктерді құру арқылы бұл көрсеткіш қарқынды өседі. Ақмола облысында тігін саласы, мейрамхана және қонақүй бизнесі, қызмет көрсету, көтерме-бөлшек саудасының әлеуеті зор.

 «Жобаларды қолға алмас бұрын алдымен бірыңғай қағидаттар, стандарттар, жұмыс әдіснамасы бойынша жыл соңында тиімділік рейтингісін жасау керек. Жалпы кәсіпкерлік дамуы стратегиясын әзірлеу үшін әлеуетті біріктіру жөн. Осы ретте гендерлік теңгерімді де қаперде ұстау керек», – деді Лаззат Рамазанова.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер