«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола бизнесі польшалық әріптестермен жұмыс істеуге дайын

2017 жылғы 11 Қыркүйек
- Ақмола облысы
4143 просмотров

Польша делегациясына инвестициялық ұтымды нысандар туралы ақпарат берілді

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында Ақмола облысы мен Польша Республикасының Төменгі Силездік воеводының бизнес өкілдері кездесті.

Қонақтарға өңірдің әлеуеті туралы айтылып, аграрлық, өнеркәсіптік және туристік секілді негізгі бизнес салалары таныстырылды. Атап айтқанда жылу электр станциясының құрылысы, халыққа қызмет көрсетудің мамандандырылған орталығы, жылыжай, етті қайта өңдеу кешені мен өзге де нысандар жайлы айтылды.

Польшадан келген бизнес өкілдері өздері қызмет ететін салаларды таныстырды. Кешенді элеваторлар шығаратын Feerum компаниясына қызығушылық жоғары. Экспорт жөніндегі сарапшы Анна Доминика ынтымақтастық талаптары жөнінде ақпарат берді.

«Қазақстан Агро иннвациялық корпорациясы» бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді. Бұл компания ауыл шаруашылығы техникасын шығаруға маманданады және шетелдік серіктес жұмыс істеуге ниет білдірсе, ынтымақтастық орнатуға дайын.

«Тұрмыстық химия зауытының» директоры Ринат Құрмаев польшалық бизнеспен жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

«Біз Польшадан шикізат аламыз. Сонымен қатар өз өнімімізге ыдысты да сол жақтан жеткіземіз. Алайда осының барлығы қымбат. Сондықтан ыдыс өндірісін өзімізден ашуды ұсынып отырмыз. Тіпті өндірістік орын беруге дайынбыз», - дейді Ринат Құрмаев.

Кездесу өте жақсы деңгейде өткенін атап өту керек. Екі жақта да ұсынатын жобалар бар. Польша қонақтарының айтуынша Ақмола облысында жұмыс істеу әлеуеті жоғары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер