«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысы жоққа кәсіп ашуға көмектесті

2017 жылғы 15 Мамыр
- Ақмола облысы
7986 просмотров

ӨКП Атбасар аудандық филиалының қолдауы нәтижесінде кәсіпкерлер қатары артты. Ауыл тұрғыны мамандардың көмегімен өзінің сүйікті ісін табысты кәсіпке айналдырды

Екі үші ай бұрын Оксана Патырбаева қиын жағдайға тап болды. Келіншек бір сауда орталығында ойыншық дүкенінде сатушы болып жұмыс істеген. Алайда дүкен иелері оқта-текте Ресейге көшіп, Оксана жұмыссыз қалады.  

«Сүйкті жұмысты, ұжымды жоғалту ауыр болды. Өзім жалғыз басты анамын, 9 жасар қызымды бағып отырмын. Жұмыссыз қалғанда болашағым үшін қорықтым. Осы кезде бар ойым жеке кәсіп ашу болды. Алайда кәсіп бастау, салық есебін жүргізу, жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелу керектігін білмедім. Бірде жұмыс іздеуге тырыстым, бірақ дайын тұрған жұмыс қайдан болсын, күту керек. Ал күтуге уақыт жоқ, ақша табу керек, осы кезде қатты уайымдадым», – деді Оксана.   

Оксана Өңірлік кәсіпкерлер палатасына алғашқы барғанында қатты толқыған, тіпті «Ойыншық сатуды қалай қолға алсам?» деген сауалды қоюға жүрексінген.

«Филиал директоры Роза Тасмағамбетова мені мұқият тыңдады, бастамамды қолдап, күмәндарымды жойды. Ал мамандар болса шағын және орта кәсіпкерлік түрлері туралы қпарат берді. Бизнесті қалай ашу керек, кәсіпкерліктегі психология, кәсіп бастаудың негізгі қадамдары туралы мол ақпарат алдым», – деді Оксана Патырбекова.  

ӨКП филиалында жылжымайтын мүлікке сараптама жасады. Сараптама нәтижесінде мүлікті банк кепілдікке алмайтыны анықталды.  Сондықтан стартап жобасы бастамасыз қалды.

«Осы кезде біз несие алып беруді шештік. Патырбаеваға несиені мақұлдады, сол қаржыға ол қажетті тауарды сатып алды», – деді Роза Тасмағамбетова.

Бұдан басқа Палата кәсіпкерге жалдамалы орын-жай мәселесін де шешіп берді, сауда нүктесінің сұранысы артқанша жалдау құны арзан болады.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ӨКП филиалы Мемлекеттік кірістер басқарамсында тағы бір жаңа кәсіпкерді тіркеді. Палата келешекте кәсіпкерге салық есебі бойынша кеңес беретін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер