«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысының кәсіпкерлері жұмыла кірісті

2017 жылғы 24 Сәуір
- Ақмола облысы
8840 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының жанында кәсіпкерлер селден зардап шеккендерге 2 млн теңгеден астам сомада көмек көрсетті

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы тасқын судың тауқыметін тартқандарға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Өңірлік палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен «За спасибо» қайырымдылық дүкенінің базасында азық-түлік, қажетті бұйымдар мен түрлі заттарды қабылдау орны ұйымдастырылды.

Осы демалыс күндері Көкшетау қаласы мен Ақкөл ауданы Іскер әйелдер кеңесінің, сондай-ақ Мейрамхана мен қонақ үй қызметкерлерінің қоғамдық бірлестінің мүшелері тасқыннан ең көп зардап шеккен Сандықтау және Атбасар ауданынына барды.

Атбасар қаласында жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығының базасында табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету орны ұйымдастырылды. Акцияны ұйымдастырушылар  өздерімен бірге жалпы сомасы 1 млн теңгеге азық-түлік (қант, шәй, ұн, нан-тоқаш, макарон өнімдері, жармалар, өсімдік майы және т.б.), жылы киімдер, аяқ киім, арнайы киімдер мен санитарлық-гигиеналық заттар, төсек жабдықтарын алып келді.

Сонымен қатар көмек көрсетуді Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Жарқайың аудандық филиалы да ұйымдастырды.

«Аудандық кәсіпкерлер, іскер әйелдер кеңестері азаматтық ұстанымдарын танытып, жерлестерге қолдау көрсетуге жұмыла кірісті. Бүгінде 100 мың теңге жиналып, есептік шотқа аударылды», – деді Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жарқайың аудандық филиалының директоры Абай Сұрағанов.

Көршілес Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өндірушілері де көмек қолын созды. Атап айтқанда Ш.Уәлиханов ауданының «Жолдасбай-агро» шаруа қожалығы 300 мың теңге аударды.

Ал Атбасар ауданының 15 шаруалық және агроқұрылымдық қожалық 300 мың теңгеден астам сомада қаржылай көмек көрсетті. Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы мен Іскер әйелдер кеңесі, Атбасар қаласының 60-тан астам дүкені бастарына қиыншылық түскен жерлестерге қажетті заттар мен азық-түлік жеткізді.

Тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмектесуге ниетті жандар 8 (7162) 31-51-95, 52-07-34 телефон нөмірлері мен Көкшетау қаласы, Капцевич көшесі, 227 мекен-жайына хабарласа алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер