«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шортанды әскери-техникалық мектебі ақмолалық кәсіпкерді табыс көзінен айырмақ болды

2017 жылғы 13 Сәуір
- Ақмола облысы
6323 просмотров

2016 жылдың 1 ақпанында Әскери-техникалық мектеп пен кәсіпкер Төлеш Шутаева мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісімшартқа қол қойған

Іскер әйел мектепті жыл бойы үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етуге міндеттеме алды. Кәсіпкер келісімшартта көрсетілген мерзім аралығында курсанттар мен мұғалімдерге таңғы, түскі және кешкі асты дайындап берді. Тамақтанушылар мағымдар мен ұсыныстар жазатын кітапшаға үнемі алғыстарын білдіріп отырған.

Алайда жыл соңында  әскери-техникалық мектеп кәсіпкердің үстінен шағымданып, сотқа жүгінген. Мектеп басшылығы кәсіпкердің келісімшарттағы міндеттемесін тиісті деңгейде орындамағанына шағымданған.

«Кәсіпкер осы уақыт аралығында ұлттық валюта құнсызданғанып, азық-түліктің нарықтық бағасының қымбаттағанына қарамастан, өз міндетін лайықты түрде орындады. Бұл деректерді тиісті қызмет көрсету туралы актілермен, ас мәзірін бақылау журналында, сондай-ақ курсанттардық шағымдары мен ұсыныстарының кітапшасындағы жазбалар дәлелдейді», – деп түсіндірді әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі бөлімнің басшысы Расул Сыздықов.

Мемлекеттік сатып алулар ережесіне сәйкес, тапсырыс беруші мен жеткізуші қабылдаған міндеттемелер аталған келісімшарт бойынша толық орындау талабында келісімшарт жүзеге асты деп саналады.

«Мұнымен қоса, ережеге сәйкес, келісімшартты орындау жөніндегі тиісті құжаттар (тауарды қабылдау/беру, жұмысты орындау, көрсетілген қызмет актілері, шот-фактура) бар және қызмет уақытында, толық орындалғанын растайды», – деді Расул Сыздықов.

Ал кәсіпкер бұл шағыммен мүлдем келіспейтіндігін, кәсіпкерлік субъектісі ретінде оның негізсіз әрі заңсыз екенін алға тартты.

Сот келтірілген деректерді ескере отырып, әскери-техникалық мектептің талабынан бас тарты.

«Бұл жағдайда адалдық, орындылық әрі әділдік белгілері мен кәсіпкерлікті қолдауға ерекше мән беру керек. Мемлекеттік сатып алу келісімшарты толық орындалды, кімнің де болса заңмен қорғалатын құқығы мен мүддесі бұзылған жоқ», – деп түсіндіріп өтті Ақмола облысы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты Ерқанат Жұматаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер