«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қияр мен қызанақ саудасы

2017 жылғы 30 Қаңтар
- Жетісу облысы
9993 просмотров

«Green Land Alatau» Қазақстан мен Ресей нарығына 3 мың тоннадан астам көкөніс сатты

Табиғи көкөністер – жыл он екі ай. Алматы облысындағы ең ірі және заманауи «Green Land Alatau» ЖШС жылыжайы өткен жылдың қорытындысы бойынша 1693 тонна қызанақ, 1595 тонна қияр шығарды. Өнімдер Қазақстанның өз ішінде де сатылады, Ресейге де экспортталады. Кешен голландиялық тамшылатып суару технологиясымен жабдықталған. Интерплантинг технологиясы көкөніс өнімдерін үздіксіз өсіріп, жылына 350 күн бойы түсім алуға мүмкіндік береді. Ылғалдандыру процесі үлкен қысымды тұман жасау арқылы жүргізіледі.

ЖШС директоры Алмас Дауытовтың айтуынша, компания 2016 жылды нәтижелі аяқтаған.

«Біз адамдарды табиғи және дәмді көкөністермен қамтамасыз еткіміз келеді. Сондықтан өнімді мұқият баптаймыз. Өткен жылы төрт мың тоннадай қияр мен қызанақ өсірілді. Тауарды еліміздің барлық өңірлеріне жеткіземіз», – дейді кәсіпорын басшысы.

«Green Land Alatau» мұнымен тоқтамақ емес. Жобаның екінші кезеңі 2018 жылы іске қосылады. Табиғи газ жүргізгеннен кейін, жылыжай кешені бос жатқан тағы 15 га жерді пайдаланады. Биыл барлық құжаттары, инфрақұрылымы дайындалып, 2018 жылы құрылыс жұмыстары басталады.

Кәсіпорынның міндеттері мен жоспарларына жақында облыс әкімі Амандық Баталов баға берді, жылыжай кешенің жұмысы облыс басшысының көңілінен шықты.

«Қапшағай – үлкен әрі әдемі қала, және мұнда мүмкіндік көп. Қаланың даму үшін келешегі зор, бірақ оларды сауатты іске асыру үшін, жергілікті басшылық пен халық ортақ күш жұмсауы қажет. Бұл Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ерекше атап өтерлігі, Қапшағай ірі мегаполис – Алматымен көршілес орналасқан, мұмндай мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажет», – деп атап өтті Алматы облысының әкімі.

Алматының ірі сауда орындарымен әріптестікке қатысты проблема жоқ. Көкөністердің басты тұтынушылары – «Рамстор», «Metro Cash&Carry», «Дастархан», «Magnum Cash&Carry», «Small» сияқты ірі супермаркет желілері. Айта кетерлігі, жыжыжайда өлшеу және орау жұмыстары автоматтандырылған. Көкөністер компанияның логотипі басылған 5 келілік және 6 келілік қораптарға салынады. Автомат сағатына 400 келі көкөніс қораптайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер