«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Орталық кеңесшілері бизнесменді табандылыққа үйретті

2017 жылғы 25 Қаңтар
- Ақмола облысы
8433 просмотров

Ерейментау қаласында жергілікті Кәсіпкерлер палатасы филиалының қолдауымен жаңа сауда үйі ашылды

Төлеген Сматов Палатаға алғаш рет былтыр наурыз айында жүгінген. Азық-түлік дүкенін жүргізуде аз-кем тәжірибесі бар Төлеген жақындарының ұсынысымен тағы бір дүкен ашуға бел байлайды.

Алайда бұған оның қаржысы да, ғимараты да болған жоқ. Кәсіпкерлерді қолдау орталығының қызметкерлері кәсіпкерге жаңа ғимарат салу үшін айтарлықтай сома керек екенін есептеп берді, бұдан бөлек қажетті құжаттар әзірлеу үшін де көп уақыт қажет болған.

Сонымен бірге, қала орталығында құрылыс салатын бірде-бір бос жер болмаған.

Орталық мамандарының кеңесі бойынша Т.Сматов барлық құжаттары дайын, бірақ аяғына дейін салынып бітпеген дүкен ғимаратын сатып алуды ойластырады. КҚО көмегімен ол бизнес-жоспар жасап, кепіл мүліктің құқық беру құжаттарында кеткен қателіктерді түзетті. Құжаттарды жинап, несие алу үшін «Халық банкке» өткізген. Алайда банк ЖК қызметіндегі аса маңызды емес тәуекелдерді айтып, оған несие беруден бас тартқан.

Кәсіпкер КҚО-ға қайта жүгініп, басқа екінші деңгейлі банк арқылы  қарыз алуға көмек беруді сұрайды. Материалдардағы сандық деректерді қосымша өңдеп, ЖК-нің төлемге қабілеттілігін қайта есептегеннен соң, кеңесші мамандар Т.Сматовқа «Цеснабанк» филиалына жүгіну туралы кеңес берген.

Ол жерде жобаға қолдау білдіріп, дүкенді салуға мен құрылыс жұмыстарын аяқтауға қаржы бөлген.

Бүгінде сауда үйі жұмыс жасап жатыр. КҚО кеңесшілері жобаға әлі де қолдау көрсетіп келеді. Олар банктің пайыздық сыйақы мөлшерлемесіне субсидия әзірлеуге көмектесуде. Сонымен бірге бухгалтерлік есеп бойынша сервистік қызмет көрсетуге келісімшарт жасалды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер