«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оқушылар ғылыми жұмысын Еуропада қорғады

2017 жылғы 18 Қаңтар
- Ақмола облысы
8384 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Жарқайың аудандық филиалы Шығыс Еуропада өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға меценат болды

ӨКП филиалы бірнеше рет әлеуметтік жобалардың бастамашысы атанып, сол арқылы көмекке мұқтаж топтарға қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы филиал сарапшыларынан Жарқайың ауданы Тасты-Талды ауылындағы музыка пәнінің беретін мұғалімі Татьяна Ким көмек сұрай келіпті. Ол халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтетін Варшава қаласына баруға материалдық көмек көрсетуді өтінген. Филиал директоры Абай Сұрағанов өтінішті жерде қалдырмай, өңірдегі кәсіпкерлерді жерлестерін қолдап, көмек қолын созуға шақырды.

Айта кетерлігі, конференцияға Есіл қаласының №2 балалар үйінің тәрбиеленушілері Николай Щербаков пен Виталий Тарасов, сондай-ақ Татьяна Кимнің өзі де қатысып қайтты. Оқушылар қазіргі балалардың денсаулығын қорғау және олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту бойынша бірегей жобаларды ұсынып келді. Татьяна Витовна болса, өз баяндамасында еуропалық білім беру жүйесімен салыстырмалы талдау жасады.

Жас ғалымдардың еңбектері елеусіз қалған жоқ, халықаралық деңгейде өз бағасын алды. Варшава ғылым академиясы мен Еуропалық медицина және білім беру қорынан алған сертификаттары мен дипломдары оқушыларға жоғары оқу орнына түсерде мол көмегін тигізері сөзсіз.

«Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Жарқайың аудандық филиалының директоры Абай Сұрағановқа, «Ақ Бидай» ЖШС бас директоры Геннадий Люльковичке, «Дихан-4» ЖШС басшысы Сергей Люльковичке, «Күншығыс» ЖШС басшысы Дмитрий Украинцке, «Мецлер» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Виталий Мецлерге, бізге сенім артып, демеушілік көмек көрсеткендері үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Жас ұрпақты қолдау, олардың талантын ашу – еліміздің болашағына қосылған зор үлес», – деп атап өтті Татьяна Ким.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер