«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәуекел түбі – желқайық

2017 жылғы 16 Қаңтар
- Ақмола облысы
8850 просмотров

Степняк қаласында өңірлік Палатаның жергілікті филиалы көрсеткен қолдаудың арқасында жаңа дәмхана ашылды

Жеке кәсіпкер Жанар Жусабекова бірнеше жылдан бері бизнеспен айналысып келеді. Кәсіпкер, бүгінде қос азық-түлік дүкенін басқарып отыр. Бұдан бөлек, нәзік жан осыдан он жыл бұрын сатып алған бос ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оны да кәдеге жаратпақ болады. Осы мақсатпен, бизнес ханым несие алу үшін ӨКП-ның Еңбекшілер филиалынан көмекке сұраған.

«Ғимаратқа бастан-аяқ жөндеу жұмыстарын жүргізу керек еді. Ғимараттың шатыры мен алдыңғы бетін жөндеп, еден бетін ауыстыру керек болды. Бұған қоса нысанға коммуникация тартып, жаңа жиһаздар мен қондырғылар сатып алмақ болдым», – дейді кәсіпкер.

Алайда, кәсіпкердің қолында тек 5 млн теңге ғана болыпты. Бұл сома ғимаратқа толығымен жөндеу жұмыстарын жүргізуге аздық еткен көрінеді. Мәселенің мән-жайымен танысқан Степняк қаласы КҚО (Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы) кеңесшілері бизнесвуменге «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында көрсетілетін мемлекеттік қолдау туралы баяндап, несие алуға қажет құжаттарды жинауға көмектескен. Бұдан бөлек, Ж.Жусабекова «Бизнес-кеңесші» бойынша оқудан өтіп, арнайы бизнес-жоспар әзірлейді.

«Үш миллион теңге көлеміндегі несиені кәсіпкер бір ай ішінде алды. Ал, ғимаратты қайта қалпына келтіру жұмыстарына шамамен екі айдай уақыт кетті. Жаңа жылда нысан толығымен пайдалануға берілді. Бүгінде жүз орындық дәмханада қала тұрғындары үшін маңызды оқиғалар, отбасылық мерекелер мен жиындар өтіп тұрады. Сондай-ақ, алты адам жұмыспен қамтылды», – дейді филиал директоры  Әмірхан Есмағанбетов.

Бизнесвумен, өз кезегінде, Кәсіпкерлер палатасына несие алуда көмек, шағын және орта бизнесті дамытуда қолдау көрсеткені үшін зор алғыс білдірді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер