«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шенеуніктердің «қара тізімі»

2016 жылғы 22 Желтоқсан
- Ақмола облысы
6787 просмотров

Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінде шенеуніктердің «қара тізімі» жасалатын болды

Ол тізімге бизнес субъектілеріне жүйелі түрде әкімшілік кедергілер жасап жүрген лауазым иелерінің аттары жазылады.

Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко Кеңестің кезекті жиынында шенеуніктердің немқұрайлылығын, олардың жолданған сұрақтарға дер кезінде жауап бермейтінін айтқаннан кейін, осындай шешім қабылданды.

«Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін лауазым иелеріне қатысты қатаң жаза қолданылады»,– деді Ақмола облысы прокурорының орынбасары Қуаныш Әміралин.

Кеңесте Бурабай ауданындағы бірқатар кәсіпкерлердің «Бурабай Су Арнасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесіне қатысты шағымдары қаралды. Коммуналдық мекеме өз бастамасымен кейбір қоғамдық тамақтандыру нысандары маңындағы ағын суларға тексеріс жүргізіпті. Зертхана мамандары қажетті шектен асқан су мөлшерін анықтап, оларды тазартуға қосымша төлемақы талап етіпті. 

«Бурабай Су Арнасы» кәсіпорны мамандарының айтуынша, қосымша төлем жүйесі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдың 20 шілдесіндегі ағын су мен кәріз жүйесін қабылдап алу туралы №546 бұйрығына сай жүргізіледі, сондай-ақ Щучинск қаласының ағын суды су тарту жүйесіне қабылдау шарттарына сәйкес келеді екен.

Алайда дәл сол ереже мен шарттарда кәсіпкерді артық төлем жасауға мәжбүрлейтін жазба жоқ.

Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесі мен әкімшілік кедергіні азайту бөлімінің сарапшылары бірнеше өкілетті органдарға сұрау салды. Табиғи монополияларды реттеу мен бәсекелестікті қорғау комитетінің департаменті ведомствоның бұйрығына сілтеме жасайды, бұйрық бойынша коммуналды мекемеге ағын судан тазарту қызметіне ақы төлеу және «елдімекендердің су арналарына төгуге болатын өндірістік ағын сулардағы зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшерін есептеу тәсілі мен шектен тыс асқанда қосымша тазартуға төленетін есептеу» тарифі бекітілген.

Дегенмен бұл тәсіл нормативтік-құқықтық актіге жатпайды, тіпті «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде тіркелмеген. Қоғамдық келісімде сумен қамтамасыз ету және су арналарын тазарту қызметі бойынша қосымша жұмыстар жүргізу қарастырылмаған. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер келісім аясында белгіленген мөлшердегі қызмет ақысын ғана төлейді.

Кәсіпкерлер коммуналдық мекеме қызметкерлерінің зертханада тексеруге алған суды қарапайым әйнек ыдысқа құя салғанын айтады, міндетті ережелерді айналып өткен, себебі зертханалық тексеріске арналған судың сақталуы мен тасымалдануы арнаулы контейнермен жүзеге асуы тиіс, оны жоғалтып алмау үшін және ауыстырып жібермеу үшін пломбылап жабулары керек.

Бәрінен қиыны, қазір кәсіпорын кәсіпкерлердің нысандарын сумен қамту жүйесінен ажыратып тастаған, оларды осылайша кепілхатқа қол қоюға мәжбүрлеп отыр. «Бурабай Су Арнасы» осы кәсіпкерлерге жаңа келісім жіберген, оған жаңа қызмет түрлері енгізіліпті.

Екі тарапты тыңдаған Кәсіпкерлер құқын қорғау кеңесінің мүшелері бір ауыздан жағдайды егжей-тегжей тексеру керек деген шешімге келді.

«Біз арнайы топ құрамыз, ол топқа жауапты ведомстволардың мамандары кіреді.Сол топтың жұмыс нәтижесіне сүйеніп, шешім шығаратын боламыз», – деді прокурордың орынбасары.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер