«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қай заңның тиімді екенін кәсіпкерден сұра

2016 жылғы 12 Желтоқсан
- Ақмола облысы
5693 просмотров

Жақсы ауданында Өңірлік палатаның жергілікті филиалының қолдауымен Заңгерлер клубы ашылды

Клубтың мақсаты – құқықтанушы мамандардың басын біріктіру, қабылданған заңнамаға қатысты мәселелерді талқылау, кәсіпкерлер жиі тап болатын проблемаларды ортаға салу. Бірлестіктің төрайымы болып Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Әсел Құсайынова сайланды. 

Алғашқы отырысқа аудандық әділет басқармасының өкілдері қатысты, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің өкілдері келді, қатысушылар ауылшаруашылық кооперативтерін қайта тіркеу мәселелерін талқылады. Заң нормасына сай ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері (оған қоса ауылшаруашылық серіктестіктері, қауымдастықтары, одақтары) жыл соңына дейін қайта тіркеліп, ұйымдастырылу керек. Алайда өткен айда ғана өндірісін дамытуға субсидия алған бірқатар ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерінің мүшелері үшін бұл мәселе өзекті боп тұр. Себебі ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері жаңа жылда кәсіпорынды таратып, оны қайтадан ауылшаруашылық тұтынушы кооператив ретінде тіркеуі қажет.

Кездесу барысында кәсіпкерлерді ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері ретінде тіркелген соң, субсидия, несие алу тетіктері қызықтырды, олар ет пен сүт кооперативтерін құрудың шарттары мен артықшылықтарын білгісі келді.

«Кәсіпкерлердің пікірі айтылған жерде қалып кетпейді, оларды ескеріп, аудандық кәсіпкерлер кеңесінде көтеріп отырамыз, заңнамаға енгізілетін өзгерістерге ұсыныс ретінде жібереміз. Қазіргі заңдардың қаншалықты тиімді екенін өңірдегі кәсіпкерлер бес саусағындай білеміз», – дейді Әсел Құсайынова. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер