«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби шыңдау жолында

2016 жылғы 09 Желтоқсан
- Ақмола облысы
6510 просмотров

«Самұрық-Қазына келісімшарт» ЖШС өкілдері Өңірлік палатада біліктілікті алдын ала саралау мәселелері жөнінде кәсіпкерлерге арналған семинар өткізді

Аталған мәселеге қатысты түсіндіру семинарларының тізбегі отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында «Атамекен» ҚР Ұлттық палатасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Сатып алулардың қатысушыларына біліктілікті алдын ала саралаудың негізгі талаптары мен қағидалары сол жерде егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Біліктілікті алдын ала саралау – бұл әлеуетті жеткізушілердің стандарттармен бекітілген біліктілік шарттарына сәйкестігін бағалау процесі. Сатып алулар мерзімін оңтайландыру, сонымен қатар, сатып алынып жатқан тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сапасын арттыру мақсатында сауалнама жүргізіліп, аудит жасалады.

Семинар қатысушылары өтінішті толтыру ережелерімен, сауалнама сұрақтарымен танысты. Анкетадағы сұрақтардың 25 пайызынан астамы отандық тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған.

Ұйымдастырушылардың негізгі мақсаты – отандық тауар өндірушілердің көп бөлігін біліктілікті алдын ала саралау процесіне тарту. Бұл жағдайда олардың өндірістік базасын, мамандар штатын, салық төлеу куәліктерін, өнімді шығаруды жоспарлау және оның сапасын қамтамасыз ету секілді әлеуетін барынша ашуға мүмкіндік туады. Осылайша, олар жоғары талапқа сәйкестігін растап, өзге жеткізушілермен салыстырғанда анағұрлым бәсекеге қабілетті болмақ.

«Біліктілікті алдын ала саралаудан өте отырып, компания сатып алуларға қатысуда үлкен артықшылықтарға ие болады. Сонымен бірге, алдын ала саралаудан өту кезінде әлеуетті жеткізуші дами түседі. Сауалнама сұрақтарының жартысынан көбі халықаралық сапа менеджменті, қоршаған ортаны, денсаулықты, кәсіби қауіпсіздікті қорғау жүйелерінен алынған», –деді «Самұрық-Қазына келісімшарт» ЖШС Біліктілікті алдын ала іріктеу департаментінің сарапшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер