«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сирек кездесетін қасиет

2016 жылғы 29 Қараша
- Ақмола облысы
5798 просмотров

Қарапайым статистика мен есеп-қисаптың артында мамандардың күн сайынғы қажырлы еңбегі тұр

Осы ақиқатты Өңірлік кәсіпкерлер палатасына келіп түскен Алғыс хат тағы бір рет дәлелдеді, ол хат Көкшетау қаласының кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшісіне арналған екен.

Хат авторы Татьяна Нагурнаяның сөзінше, Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп жүргізуге көмектесетін кеңесшісі Айгүл Молдағайсина салық реттеу мәселесіне қатысты барлық түйткілдерін шешуге септескен. Мемлекеттік кіріс департаменті бизнесвуменге камералды қадағалау бойынша хабарлама жіберген екен.

«Кәсіпкер коммерциялық нысан бойынша, ҚР СК 180-1 бабына сәйкес, Қосымша құн салығына Салық декларациясын ұсынуы керек болған, яғни бюджетке кірістің 10%-ын төлеуі тиіс, яғни ол нысанның сауда кезіндегі үстемесінен түскен табысты көрсетуі керек», – дейді Айгүл Молдағайсина.

Үстемеден түскен табыс деп мүлікті сатып алған кездегі және іске қосқаннан кейінгі аралықтағы айырмашалықтан түсетін табысты айтады. 

Сәл өткенге тоқталайық. 2006 жылы бизнесвумен дүкен-дәмхана сатып алу үшін екінші деңгейлі банктен несие алады. Нысан өте нашар күйде болған, бірнеше жылдан бері жұмыс істемей тұр екен. Ол жерден бірден жұмыс бастап кетіп, пайда табу мүмкін емес еді. Ғимаратты жөндеу, қайта құрылымдау, айналасындағы аумақты абаттандыру – осының барлығы жыл сайын біртіндеп жасалынды, сол аралықта бизнесвумен несиесін төлеп отырды.

«Коммерциялық нысанға жұмсалған ақшаны бағалайтын комиссияның қорытындысы нақтыланды. Яғни, үстемеден мен ешбір табыс таппадым, керісінше шығынға баттым», – дейді бизнесвумен.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшісі Т.Нагурнаяға барлық есептерді даярлауға, хабарламаларға жауап қайтаруға көмектесті. Нәтижесінде кәсіпкер бюджетке 82 мың теңге ғана төледі, бұл мемлекеттік орган жіберген хабарламадағыдан алты есе төмен баға.

«Осы маманның кәсіби біліктілігі мен сергектігінің арқасында мен барлық проблемамды шештім. Біздің заманда мұндай түсіністік пен адамгершілікті сирек жолықтырасың», – деп кәсіпкер өз хатында кеңесшінің қызметіне шынайы ризашылығын білдірген.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер