«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Балабақша бизнесі де біліктілікті қажет етеді

2016 жылғы 23 Қараша
- Ақмола облысы
8747 просмотров

«Аға сеньорлар» жобасының сарапшылары Ақмола облысының кәсіпорындарында өздерінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп жатыр

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан «Аға сеньорлар» жобасының арқасында Степногорск кәсіпкері Светлана Лагута канадалық маман Филип Дэйдің тәжірибесін үйренуге мүмкіндік алды.

Бизнесвумен 135 орындық балабақша ашқан, сондықтан мектепке дейінгі балаларға білім мен тәрбие беру үшін білікті маманның көмегіне мұқтаж болды. Филипп Дэйдің бұл салада отыз жылдан астам тәжірибесі бар. Кезінде осы салаға қатысты көптеген әдістемеліктер жасаған, оларды Қытайда, Оңтүстік Америкада, Филиппинде енгізу бойынша біраз жетістігі бар.

Степногорскіде Филипп Дэй жаңа мектепке дейінгі мекеменің жұмыс жүйесін зерттеп, Светлана Лагутаға оқу-тәрбие ісі жөнінде, жалпы бизнесті дамыту үшін өзінің теориялық және тәжірибелік кеңестерін аямады.

Тағы бір халықаралық сарапшы Сьюзан Ветмор қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында Көкшетау қаласындағы «Қазақстан» мейрамханасы мен Зерендідегі «Парус» демалыс базасында болып қайтты. Сьюзан Ветмор әлемнің 80 елінде болған, сондықтан ол қонақүй бизнесінің мәдениеті мен өзгешелігіне әбден қанық екенін ескерте кетелік. 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы «Аға сеньорлар» жобасының басты мақсаты кәсіпкерлердің білімі мен біліктілігін шетелдік сарапшылардың кеңес беруі, менторлық қызмет көрсетуі арқылы нығайту. Жобаға экономиканың көшбасшы секторларында өзін көрсетіп жүрген шағын және орта бизнестің жоғарғы және орта санатындағы кәсіпорындарының басшылары қатыса алады. Бизнес саласындағы өзінің кәсіби біліктілігін көтергісі және іскерлік байланысын нығайтқысы келетін кәсіпкерлер өңірлік Кәсіпкерлер палатасына өтініш жіберуіне болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер