«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көпшілік көкейіндегін дөп басқан бастама

2016 жылғы 25 Қазан
- Ақмола облысы
5628 просмотров

Мемлекеттік қолдаудың арқасында Шортанды ауданының кәсіпкері өзінің бизнес-бастамасын жүзеге асырды

Бизнестің әйелдерге арналған түрін дамытып отырған нәзік жандардың қатары күн санап артып келеді. Солардың бірі – Татьяна Хлубная. Ол Шортанды ауданында газ толтыру бекетінің жұмысын сәтті жүргізіп отыр. Бір қарағанда бұл жұмыс ерлердің шаруасы сияқты, мол жауапкершілікті талап етеді. Алайда тәсілін тапқан адамға – оңай шаруа.

Өз ісін енді бастаған кәсіпкер әйелге бастапқыда «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған несиенің пайдасы мол болған. 3 млн теңге қолына тиген бойда, Татьяна бірден қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, үш жұмыс орнын құрады.

«Мен бастапқыда жобамның өзін-өзі ақтау мүмкіндігін байқап көрдім. Бензин бағасы қымбат. Есесіне, қазір газ бағасы анағұрлым арзан, әрі шығыны да аз. Алғашында сұранысқа ие бола алмай қаламыз ба деген қорқыныш болды. Алайда қазір көпшілігі көліктерін газбен жүргізіп отыр. Үнемділігі де бірден байқалады», – деді кәсіпкер.

Тас жолдың бойында ыңғайлы орналасқан жанармай бекеті тек жергілікті тұрғындар арасында ғана емес, сонымен қатар көрші аймақтарға да танымал.

«Жобаға Өңірлік палата филиалы толығымен қолдау білдірді. Кәсіпкерді мемлекеттік бағдарлама шаралары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз еттік. Сонымен қатар Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілері кәсіпкерге жер телімін алу үшін өтініш рәсімдеуге көмектесті», – деп хабарлады ӨКП Шортанды филиалының директоры Темірбек Алғазин.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер