«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Отандық тауар өндірушілерге жанашырлық

2016 жылғы 12 Қазан
- Ақмола облысы
8672 просмотров

Өңірлік палата құрамына құрылыс монтаж және жобалық компаниялар енетін құрылыс консорциумын құрмақшы

Палата сарапшыларының айтуынша, бұл отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесіне оң әсер етеді.

ӨКП сарапшылары мемлекеттік сатып алу порталына талдау жасап, оған мемлекеттік мекемелердің қатысуын бақылаған. Жалпы алғанда, құрылыс басқармасында орындалған келісімшарттардың сомасы шамамен 1,3 млн теңге болады екен. Сонымен қатар қазақстандық үлес – 59%. Негізінен, әлеуметтік нысандарды қайта жөндеу және құрылыс жүргізу бойынша жұмыс пен қызмет көрсету басымдыққа ие.

Ал қалалық әкімдікте артықшылық жергілікті өндірушілерге берілуде. Орындалған келісімшарттардың жалпы сомасы – шамамен 1,9 миллион теңге. Қазақстандық өнімді пайдалану үлесі – 99,69%. 11 ірі лотты бақылау кезінде қазақстандық өнімді пайдалану үлесі 100%-ға жеткен.

Сонымен қатар, ведомствоға бағынышты «Көкшетау жылу» ЖШС-дағы қазақстандық үлес небәрі 1,38% болды. Негізінен сатып алынған заттар – жабдықтарыға арналған қосалқы бөлшектер, арнайы техника және автотранспорт, электр энергиясы.

8 лоттың мониторингтік тасымалдаушылар саны бойынша үлесі 25%, сомасы бойынша – 76% (ірі лот есебінен). Қалған жеткізулер Астана, Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларына тиесілі. Сатып алу сомасы бойынша ең көп үлес жағар-жанармайға тиесілі (жеткізуші «PETROSUN» ЖШС, Алматы қаласы).

«Жалпы алғанда, 44 лотта жүргізілген бақылау негізінде, орындалған келісімшарттардың сомасы 3,6 млн теңгеден артты (40%), жергілікті үлес 81%. Бұл көрсеткіш өңірдің құрылыс және тамақ саласына бағытталғанын анықтайды. Құрылғылар, медициналық тауарлар, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, арнайы техника, жанармай басқа өңірлерден жеткізіліп жатыр», – деді ӨКП сарапшысы Дәуренбек Жүсіпов.

Жақында ӨКП алаңындағы жұмыс комиссиясының отырысы барысында квазимемлекеттік сектордың сатып алу жоспарлары қарастырылды. Жалпы алғанда, «811 авторемонтный завод КИ» АҚ-ның (Ерейментау қаласы) қатысу үлесі – 3%. Дәуренбек Жүсіповтың айтуынша, бұл көрсеткіш  сатып алудың 97%-ын спецификалық тауарлардың құрауына байланысты. «Семизбай-U» ЖШС (уран өндірісі) тауардағы үлесі – 29,1%, жұмыс пен қызмет түрлері туралы ақпарат порталда кездеспейді.

Жиын соңында шағын және орта бизнес субъектілеріне тарату үшін 2017 жылы сатып алынатын тауарлар мен қызмет түрлерінің тізімін Палатаға жолдау ұсынылды. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау аясында, квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындарға мүмкіндігінше сатып алулар үлесін келесі тауар топтары бойынша арттыру айтылды: азық-түлік, арнайы киімдер, аяқ киім, жиһаз, аккумлятор, полиэтилен құбыры және т.б. Қазақстанда өндірілген тауарлар.

«Отандық тауар өндірушілер бағасы бойынша сырттан келген тауарлармен бәсекелесе алмайды. Дәл осы жағдай оның сатып алудағы үлесіне әсер етіп жатыр. Аталған мәселені шешіп, жергілікті өндірушілердің үлесін арттырудың бірден-бір тәсілі тапсырыс берушілердің сатып алынған өнімнің техникалық спецификациясын және оларды жеткізу талаптарын әзірлеу болып табылады. Әрине, жергілікті тауар өндірушілердің пікірі де есепке алынады. Олар өз кезегінде, өндірілген тауар туралы толық ақпарат беріп, және міндеттерін толық атқарып, өз мүдделерін белсенді қорғауы керек. Бұл жұмыс мемлекеттік органдардың қатысуымен тиімді болатыны анық», – деп атап өтті Дәуренбек Жүсіпов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер