«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мемлекет көмегі тірлігін көркейтті

2016 жылғы 10 Қазан
- Ақмола облысы
6633 просмотров

Ерейментау Кәсіпкерлерді қолдау орталығының жедел көмегінің арқасында фермер «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде 2,5 млн теңге алып, кәсібін кеңейтіп жатыр

«Жасұлан» ЖК жетекшісі Алма Ербатырова 2013 жылдан бастап асыл тұқымды етті ірі қара мал өсірумен шұғылданады. Бірер ай бұрын ол аудандық Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан ірі қара мал санын арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту үшін, мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес сұраған.

«Барлық көрсеткіштер бойынша «Жұмыспен қамту-2020»  бағдарламасы өтініш беруші үшін ыңғайлы болды», – дейді КҚО кеңесшісі Мерей Қасенов. Әдеттегідей қажетті құжаттарды жинап, бизнес жоспарды әзірлеген соң, кәсіпкер бүгінде КҚО арқасында алған несиесін мақсатты түрде жұмсауды жоспарлап отыр.

«Несие алған соң, мен жеке тұлғалардан тағы да он жеті бас ірі қара мал ала алдым. Бірінші несиеге аграрлық-несие корпорациясы арқылы (2 млн теңге) 2013 жылы жеті бас ірі қара мал және ангус асыл тұқымды бұқа сатып алғанмын», – дейді Алма Ербатырова.

Үш жыл ішінде фермер мал басын төрт есеге дейін арттырған (оның ішінде мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы). Бүгінде оның меншігінде қырық бас ірі қара мал бар. Қыста малды асырау үшін өз қаражаты есебінен жаңа өндіріс базасын ашып, жем-шөптің қажетті көлемін дайындаған. Сонымен қатар, фермер ауылдың үш тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтыған.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер