«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қайтарымсыз қаржы берілді

2016 жылғы 07 Қазан
- Ақмола облысы
27735 просмотров

«Даму» қоры арқылы «Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасы аясында «Егіндікөл» газеті» ЖШС директоры Светлана Гурбанова бір жарым миллион теңге қаржыға қол жеткізді

Мемлекеттік қолдау құралдары туралы толық ақпаратты аудандық газет редакторы жергілікті Кәсіпкерлікті қолдау орталығынан алды. Оған кеңесшілер инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған қайтарымсыз грант беретін мемлекеттік бағдарлама шарттары туралы айтып береді. Кеңес алған Светлана Гурбанова өз жобасын жүзеге асырып, полиграфия ашуға бел буды. «Бизнес-Кеңесші» оқыту курстарын аяқтаған ол КҚО кеңесшілерімен бірге бизнес-жоспар әзірлеп, өңір әкімдігіне грант алуға өтінім берді.

«Біздің ауданда сапалы қызметтер көрсететін арнайы полиграфия жоқ. Мен мұндай кәсіпорынды бұрыннан ашқым келіп жүрген, бірақ бұл үшін қаражат қажет. Менің жобамды байқау комиссиясының мүшелері қолдағанына қуаныштымын. Енді мен өз ісімді аша аламын», – дейді Светлана Гурбанова.

«Бір кәсіпкерге ең көбі 3 млн теңге көлемінде берілетін мақсатты мемлекеттік гранттар жекеменшік кәсіпкерлік субъектілеріне, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедек жандар мен 50 жастан асқан кісілерге қайтарымсыз негізде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін беріледі. Мұндай гранттар «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша экономиканың басым бағыттары аясында беріледі», – деп атап өтті Өңірлік палата филиалының директоры Мерхат Бектұров. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер