«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Неге шешім кенеттен өзгеріп сала берді?

2016 жылғы 06 Қазан
- Ақмола облысы
5970 просмотров

Кәсіпкер қалалық әкімдіктің заңсыз әрекетінің кесірінен өндіріс нысанын салуға арналған уақытын жоғалтып, жер телімінен де айырылды

Әмір Сақтағанов биылғы жылдың ақпанында өндіріс базасын салу мақсатында аумағы 1,5 гектар жер телімін үш жылға алу үшін,  Халыққа қызмет көрсету орталығына құжаттарын жіберген.

Бір апта өткеннен кейін органдар оған жер телімін бөліп беру жөнінде шешім шығарады. Сондай-ақ, тиісті актіде жер телімі барлық қала құрылысы ережелері мен талаптарына сәйкес келеді деп көрсетілген.

Алайда біраз уақыт өткеннен кейін сәулет және қала құрылысы бөлімі кенеттен өз шешімін өзгерткен. Олар кәсіпкерге жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бекітілген жобаны қайтару туралы Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысын жібереді. Мемлекеттік органның қорытындысында: «Жер телімі инженерлік коммуникацияларға қосылу үшін бекітілген талаптарға сай келмейді. Және де нысанды орналастыру сызбасы, жер телімінің белгіленген шекарасы жоқ, сондай-ақ сұралып отырған жер телімі қоғамдық пайдалануға арналған жасыл желек аумағында тұр» делінген.

Жер телімі сатуға шығарылған. Ал кәсіпкерге оған жалпы негізде қатысу ұсынылады! Бұл уақытта жер телімін алуға басқа үміткерлер де пайда болған.

Палата сарапшылары осы мәселені облыс прокуратурасына жолдайды. Көп ұзамай, облыс прокурорлары істің барлық мән-жайын тексергеннен кейін заң бұзушылықтарды жою туралы шешім шығарады. «Жергілікті атқарушы органның ұстанымы сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының жер заңнамасының талаптарын бұзуынан туындаған. Ал, жер телімі тек саудаға шығару арқылы ғана ұсынылады», – делінген қадағалау органының ресми жауабында.

Алайда бүгінгі күнге дейін заңбұзушылық әлі де ретке келмеген. Сол аралықта кәсіпкер мәселені шешудің басқа жолдарын іздеуге мәжбүр болған. Мысалы, ол қарыз ақшаға басқа аумақтан жер телімін алады.

«Кәсіпкер көп уақытын жоғалтып отыр. Жер телімін беру туралы шешім шығарған қалалық әкімшіліктің қызметіне байланысты сұрақ көп. Егер ол жүзеге асатын болса, қала бюджетіне шамамен 20 млн теңге түсер еді. Ал сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Әбенов тек тәртіптік жазамен құтылды», – дейді ӨКП директорының орынбасары Валентина Геращенко.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер