«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ынтымақтастық көкжиегін айқындады

2016 жылғы 05 Қазан
- Ақмола облысы
8278 просмотров

Форумды өткізу Қазақстандағы маңызды оқиға болды, ол екі елдің нақты мүмкіндіктерін айқындады, дейді ӨКП басшысы

«Астанада жақында өткен Қазақстан және Ресейдің өзара өңіраралық ынтымақтастығы форумы Қазақстан экономикасының жаңа тенденцияларына әсер етіп қана қоймай, бейінді қатысушылар үшін инновациялық бағыттарды айқындап береді», – деп өз пікірімен бөлісті ауқымды шараға қатысқан облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Еркебұлан Баяхметов.

«Форум түрлі тақырыптардағы нәтижелі пікірталастарға арналған платформа ұсына алды. Ең басты мәселелер қатарында импортты алмастыру әлеуетін игеріп, бірлескен нарыққа шығу, туризмді дамыту болашағы, екі ел арасындағы туристік лекті арттыру шаралары бар. Қазақстан-Ресей Іскерлік кеңесі отырысында көптеген мәселелер назарға ілінді. Инновациялық ынтымақтастық және өзара сауданы дамытудағы бірлескен тәжірибе, жоғары экономикалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру, екі елге де тиімді болады деп сенемін», – деді Е.Баяхметов.

«Панелді сессиялар кезінде қатысушылар бұдан кейінгі өңіраралық өзара ынтымақтастық пен мүдделі әріптестермен өзара бірлесе жұмыс жасаудың мүмкін болатын бағыттарын айқындады. Осы қатынастар мемлекетаралық ынтымақтастықтың толыққанды жобаларына жұмылдырылады деп күтілуде», – деп атап өтті Еркебұлан Баяхметов.

Сонымен қатар, форумда облыс әкімі Сергей Кулагин мен «ЕПК» АҚ басқарма төрағасы Александр Москаленко арасында Степногорск қаласы индустриалды модификацияланған мойынтіректерді шығару жұмыстарын ұйымдастыру туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.  Жоспарланған инвестиция көлемі 50 млн АҚШ долларын құрап отыр.

«ЕПК-Степногорск» АҚ ТМД бойынша теміржол көлігіне қажет мойынтіректер шығаратын  ең ірі кәсіпорындардың бірі болып саналады. Бір айта кетерлігі, өнімнің 95%-ы Ресей нарығына жөнелтіледі. Мойынтіректердің жаңа үлгісін шығару, американдық «TIMKEN» компаниясымен бірге өндірісті әртараптандыру жоспарланып отыр.

Жалпы, бүгінде, Ақмола облысында, қызметтің барлық түрлері бойынша РФ заңды тұлғаларының қатысуымен 29 субъект, Ресей Федерациясының жеке тұлғалары – азаматтарының қатысуымен 352 субъект жұмыс жасауда.

Биылғы жыл басынан бері 34,9 млн АҚШ доллары көлемінде өнім экспортталған (мойынтіректер, алтын, пластмассадан жасалған құбырлар, бидай, көмір, этил спирті, ет-сүт өнімдері және т.б).

Этилен полимері, ауыл шаруашылығы қондырғылары, мұнай және мұнай өнімдері, болат прокаты, кондитер өнімдері, металл құрастырылымдар, пластмассадан жасалатын бұйымдар, жол үсті транспорты құрылғылары және т.б. импортталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер