«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Баршаға танымал асхананың жаңа бейнесі

2016 жылғы 05 Қазан
- Ақмола облысы
6706 просмотров

Теміржол вокзалы маңында орналасқан алты орынды шағын «Аманжол» асханасы атбасарлықтар мен қала қонақтарының арасында танымал

Келушілердің саны ақырындап артқаннан кейін, асхана орналасқан ғимарат таршылық ете бастаған. Өйткені асханадан дәмді бәліш пен сапалы тағам еш үзілген емес. Осыдан кейін асхана ғимаратын қайта жөндеу мен кеңейту мәселесі туындайды. Алайда, қаржы жетіспеушілігі қол байлау болады.

Осы мәселе бойынша асхана иесі Мадина Ізбасарова өңірлік палата филиалына келеді. Кәсіпкерлерді қолдау орталығының кеңесшілерінен алған ақпараттарды ой елегінен өткізген кәсіпкер, бастапқыда аз мөлшерде қарыз алуға бел байлайды. Өзінің аз-кем қаражаты болғандықтан, кәсіпкер әйел «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 3 млн неие алады.

Несие өз мақсатына жұмсалды. Міне, бір қабатты 80 шаршы метр шағын асхананың орнында, бұрынғысынан ауданы бес есе көп екі қабатты, әдемі ғимарат тұр.

Бірінші қабатта он екі орынды асхана орналасқан, ал үстіңгі қабатта қосымша табыс түсіру үшін сауда орындары жұмыс істеп тұр.

«Менің мақсатым – дәмді, сапалы, әртүрлі ас дайындау. Менің болашақтағы жоспарым – асхананы бұдан да кеңейту, сондай-ақ жартылай фабрикаттар өндіру цехын ашу», – деді кәсіпкер әйел.

Ол осы жоспарларын жүзеге асыру үшін, тағы бір несие алуына қолдау көрсетуін сұрап, ӨКП филиалына қайтадан жүгініп отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер