«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмыссыз жандарға тың жәрдем

2016 жылғы 04 Қазан
- Ақмола облысы
7967 просмотров

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының «Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту» бағыты аясында Палатаның Шортанды ауданындағы филиалында жиырмадан астам адам кәсіпкерлік негіздері бойынша бескүндік курстан өтті

ӨКП филиалының директоры Темірбек Алғазиннің айтуынша, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының есебінде тұрған 21 жұмыссыз жан өзара іс-қимыл аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытатын курсқа қатысқан.

Бизнес-тренер Жанат Жақыпов қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті неден бастау, нарықтан өзіңе тиісті орынды қалай алу қажеттігін айтты. Палата филиалының сарапшылары дәріс тыңдаушыларға сервистік және кеңес беру қызметтері бойынша ақпараттар ұсынды.

Бұдан бөлек, семинар бизнесін дөңгелетіп үлгерген кәсіпкерлер үшін де бизнесті жандандыру бойынша бірыңғай тәсілдерді меңгеруге және тәжірибе алмасуға ыңғайлы алаң болды. «Мен үшін курс – бизнесті жүргізуге арналған жаңа теориялық білім. Оларды сенімді түрде тәжірибеге пайдалануға болады, оның үстіне біз «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларының аясында мемлекеттік қолдау құралдары туралы жан-жақты ақпарат алдық», – дейді курсқа қатысушы Раис Жанарбек.

Семинар аяқталған соң қатысушылар бекітілген үлгідегі сертификаттарға ие болды. Қазіргі таңда «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша оқуға қажеттілік тууда. Палата филиалы курстан өту үшін үміткерлердің тізімін әзірлеуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер