«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арманға қол созғанда...

2016 жылғы 26 Тамыз
- Ақмола облысы
6365 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлік палатасының Бурабай аудандық филиалының қолдауымен Щучинск қаласында жаңа техникалық қызмет көрсету орталығы ашылды

Теникалық қызмет көрсету орталығын ашу Аслан Есмағамбетовтің бала күнгі арманы еді. Мектепті тәмамдаған соң, ол Шучинск қаласы индустриалды-педагогикалық техникумына түсіп, оны «Өндірістік оқыту шебері» мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Еңбек және кәсіби тәжірибені ол қаладағы түрлі Техникалық жөндеу орталықтарында жұмыс істеп жүріп жинақтады. Осы салада он бес жылдық тәжірибе жинапты.

2013 жылы жеке ісін ашу туралы шешім қабылдап, 13 сотық жер телімін сатып алып, бизнес-идеясының жоспарын жасай бастады.

«Жобаны іске асыру бірнеше кезеңде немесе тіпті бірнеше өмірлік циклдер бойынша жүргізілді, – дейді Аслан. – 2014 жылы бірінші рет Бурабай ауданы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына көмек сұрай бардым. Ол жақта бизнес ашу жөнінде кеңес алдым».

2015 жылы Аслан Есмағамбетов бизнес-жобасын тәжірибелік жағынан жүзеге асыруға кірісті, дәлірек айтсақ, ТЖО-ға арналған орынның іргетасын құйып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Осы жылы ол КҚО-ға қайта барып, бизнесті несиелендірудің мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде кеңес алды, оған ол жақтағылар қолдау көрсетіп, Жұмыспен қамту орталығына жіберді. Оған қоса ол «Бизнес-кеңесші 1» бағдарламасы бойынша курсқа қатысып жүрді.

Осы жылдың көктемінде Аслан «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көптен күткен несиеге – 3 миллиондай теңгеге қол жеткізді. Бұл қаражат құрылыс материалдарын, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ТЖО-ны іске қосуға жетерлік еді.

Бүгінде Техникалық жөндеу орталығы клиенттер қабылдай бастаған. Бизнесменнің ендігі жоспары – өндірісті кеңейте түсу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер