«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер құқығын қалпына келтірді

2016 жылғы 17 Тамыз
- Ақмола облысы
5965 просмотров

Өңірлік Палата заңгерлері, өз құқығын қорғау үшін Палатаға жүгінген кәсіпкерге, жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт бойынша жер құқығын медиация тәртібімен қалпына келтіріп берді

Сатыбалды Сыздықов ұзақ жылдар бойы Шортанды ауданында 13,2 гектар жерді жалға алып, жер қойнауын пайдаланып отырған кәсіпкер. Алайда биыл облыстық Жер қатынастары басқармасы, кәсіпкер бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын жұмыс басында таныстырмады деген себеппен, арадағы жалға беру келісімшартын бұзу туралы шешім қабылдайды.

Кәсіпкердің келісімшарттық міндеттемелер аясында қалпына келтіру жобасын орындау үшін «Строй-Тау» ЖШС, сондай-ақ «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен келісімшарт жасағанын атап өткен жөн. Компаниялар кірпіш сазын өндіру маусымдық жұмыс түріне жататындықтан құжаттарды әзірлеуге кіріскен. Оған қоса, кәсіпкер биылғы жылдың маусымында жер қойнауын пайдалану құқығын «Кирп Каз» ЖШС атты басқа компанияға берген. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР заңының 36 бабы 11 тармағына сай, жер қойнауын пайдалану құқығын беру жер учаскесін қайта ресімдеудің сөзсіз негізі болып табылатыны белгілі.

Бүгінде кәсіпкер «ARGIL» ЖШС кірпіш зауытымен жалға алу келісімшартына отырған. Сондай-ақ оның бірнеше құрылыс компанияларымен келісімшарты бар. Осы деректерді ескере отырып, «Сыздықов С.Х.» ЖК нарықтың ауқымды және жүйелі субъектісі ретінде, мемлекеттік органдар тарапынан объективті және адамгершілікке негізделген қарым-қатынас күткен.

Алайда шенеуніктер келісімшартты бұзуды жөн санады. Палата сарапшылары лауазымды тұлғалар құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, ҚР Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сай жер қойнауын пайдаланушыға қатысты ұсыныс тастауға және шара қолдануға құқылы деп есептейді. ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 16 бабында: «Кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық, әлеуметтік жағдайлар мен кепілдіктер жасауға бағытталған шаралар кешенін жүргізеді», – деп көрсетілген.

Палата заңгерлері бұл дәлелдерді өзінің сұрау салуында жер қатынастары басқармасына жолдады. Сондай-ақ, «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» заңға сай, кодекстер тең құқылы болып табылатынын, және оған қарсы келген жағдайда, кейін күшіне енетін, заң актілерінің нормалары қолданылатынын естеріне салды. Соған сай, егер Кәсіпкерлік кодекс жақын арада енгізілген болса, ол басымдыққа ие.

Алайда мемлекеттік орган, айтқанынан таймай, оларды сенімді деп есептемеді.

Екі тарап сотта кездесті. Ол жерде сот қызметкерлері шағымданушыға Палата заңгерлерінің дәлелдерін анықтап тексеруге кеңес берді.

Тек ӨКП кәсіпкерлердің құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді жою бөлімі сарапшыларының қайта өтініш беруінен кейін мемлекеттік орган жер учаскесiн жалдау шартын бұзуды тоқтатуға келіседі.

Кәсіпкер өзінің Алғыс хатында, Палатаның қолдауының арқасында ол тек қана бизнесін жалғастырып қана қойған жоқ, сондай-ақ жұмыс орнын да сақтап қалғанын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер