«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақысы – алғыс сезімі

2016 жылғы 12 Тамыз
- Ақмола облысы
7714 просмотров

Жақында Ақмола облысында екі бірдей «Барлығы алғыс үшін!» дүкені ашылды

Степногорск қаласындағы әлеуметтік бастаманы жергілікті Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Фарида Есжанова ұйымдастырды. ІӘК мүшелері осы әлеуметтік акцияны бірінші рет жүзеге асыруға өз үлестерін қосып, белсенді қолдау көрсетті. Степногорсктағы қалалық мешіттің жанынан ашылған дүкенге әйелдер қауымы түрлі керекті заттарды әкеліп қойды. Олар:  балалар және жасөспірімдерге арналған киімдер, әйелдерге арналған көйлектер, блузкалар, ерлерге арналған шалбарлар, жейделер, аяқ киімдер т.б.

Еңбекшілдер ауданының Степняк қаласындағы әлеуметтік дүкен «Қазақстан» сауда үйінің ғимаратында жұмыс істейді. Аз қамтылған қала, ауыл тұрғындары да осы жерден қажетті киім-кешектерге, аяқ киімдер мен ойыншықтарға «рақмет» деген қарапайым сөз арқылы қол жеткізе алады.

Бұл идеяға жергілікті кәсіпкер, жоғарыда аты аталған сауда үйінің иесі Владислав Кочергин де үн қосты. Шараның өтуіне қолайлы орын бөліп беруінен бөлек (жалдау ақысын алмай-ақ), ол жиһаз, ойыншықтар және басқа да қажетті заттарды жеткізіп берді.

Әлеуметтік дүкендер ашылған өңірлердің тұрғындары қайырымдылық шаралардың әсерін жоғары бағалағанын айта кеткен жөн. Осы бастамаға қолдау көрсеткені үшін өңірлік Кәсіпкерлер палатасына шынайы ризашылығын білдіріп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, халықтың аз қамтылған тобына, көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету бастамасын жүзеге асыруды Іскер әйелдер кеңесі ұсынған болатын. Алда осындай жобалар облыстың басқа да аймақтарын да жалғасын таппақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер