«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

2016 жылғы 18 Шілде
- Ақмола облысы
7147 просмотров

Атбасар қаласында «Шенеунік – кәсіпкер» акциясы аясында осы жылдың көктемінде су тасқынына қарсы шараларға белсене қатысқан бизнесмендерге құрмет көрсетілді

Еске салалық, елді мекен қауіпті аймақта тұр. Жыл сайын жергілікті Жабай өзенінде қорғау бөгеті салынады. Осыған байланысты арнайы қызметтер, құтқару техникасы тартылып, әртүрлі шаралар ұйымдастырылады.

Атбасар ауданының 80 шақты кәсіпкері жапа шеккендерді және көмекке тартылған ТЖ, АІІБ қызметтерін, медициналық қызметкерлерді, іссапармен келген басқадай мамандарды (барлығы 300 астам адам) қажетті азық-түлікпен, нан-тоқаш, жарма өнімдерімен, ет өнімімен, сусын, көкөніс, жеміс, арнайы киіммен, күл мен құмға арналған қаптармен, т.б. қамтамасыз етуді мойнына алды.  

Кәсіпкерлер тек ыстық тамақты тәулік бойы толассыз жеткізіп қана қоймай, кафе, ресторандарын, асханаларын да қауырт тәртіпте жапатармағай жұмысқа жұмылдырды.  

Қала халқын қауіпті аймақтан көшіру үшін көлік, ЖЖМ, арнайы техника бөлінді.

«Жергілікті ЖШС-лардың, фермер шаруашылықтарының, жеке кәсіпкерлердің арқасында атбасарлықтар қауіпті кезеңнен аман-есен өтті.  Аудан тұрғындары қысылған қиын шақта қол ұшын созып, қамқор көңіл білдіргендеріңіз үшін сіздерге зор алғыс айтамыз»,– деді ӨКП жергілікті филиалы директоры Ерлан Қаппасов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер