«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дуальды оқыту дәрісханасы ашылды

2016 жылғы 12 Шілде
- Ақмола облысы
9315 просмотров

«Береке-Бурабай»  ЖШС базасында Щучинск қаласы Туризм және сервис индустриясы колледжімен арадағы әріптестік аясында дуальды оқытуды енгізу кабинеті ашылды  

Оның мақсаты – ТСИК студенттерін, сондай-ақ тамақтандыру саласы еңбеккерлерін «аспаз»  және «даяшы» біліктілігі  бойынша дайындау, қайта дайындау, біліктілікті арттыру.  

«Оқу кабинеті» деп кішірейте  атасақ та, Щучинск тұрғындары үшін оның мәртебесі мен мәні үлкен. Қазіргі таңда біз шынтуайтында, маман дайындау, біліктілігі  бойынша  қайта дайындау, біліктілікті арттыру, тәжірибеден өтуші студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру және арттыру  бағдарламаларын жүзеге асырсақ дейміз. Сонымен қатар оқу кабинеті негізінде кәсіпорын  мамандарының біліктілігін арттыру, қайта дайындауға болады», – деп түсіндіреді Щучинск қаласы ТСИК директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары  Татьяна Стасевич.

Кабинетте теориялық материалдарды қайталау сабақтарын, оқу семинарларын, шеберлік сыныптарын, өндірістік оқу шеберлерінің жұмысқа дағдылануын, кәсіби шеберлік байқауларын, т.б. өткізу жоспарлануда. Бір сөзбен айтсақ, жоспар көп. Өндірістік бөлме-жайларда, цехтарда  тәжірибелік сабақтар өтеді.

«Береке-Бурабай» ЖШС-ның тәжірибелі бас аспазы Вадим Заутнер оқу кабинетінің жұмысы үшін жауапты. Оның пікірінше, «жете оқу», яғни кәсіби шеберлік пен дағдыны меңгеру, нақты жұмыс орны бойынша нақты жабдықта жұмыс істеуге бейімделген бағдарламалар оқу үдерісінің едәуір үлесін қамтиды.

ӨКП директорының орынбасары Айжан Тәжмиеваның сөздеріне қарағанда, Бурабай ауданында жаңа оқу жылында жеке кәсіби бағдар орталығын ашу жоспарланған, бұл оқуға қатысушылардың мүмкіндіктерін едәуір ұлғайтады. Ал жыл соңында кәсіби бағдар орталықтары облыстың барлық өңірлерінде ашылмақшы. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер