«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақша болса, ет те болады

2016 жылғы 08 Шілде
- Ақмола облысы
6901 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Астрахан ауданы фермері бизнесін дамытуға  «Ырыс» бағдарламасы бойынша 35 миллион теңге алды

Ағымдағы жылдың сәуірінде ӨКП Астрахан филиалына  «Терлой»  ЖШС директоры Айгүл Ибрашева өтініш білдірді. Кәсіпкер жұмыс істеп жатқан бизнесін кеңейтуді жоспарлапты. Сондықтан қосымша қаржыға мұқтаж  екен.

«Терлой» ЖШС мал шаруашылығымен айналысады. Нақтылай айтсақ, бұл  – сүт-тауарлық ферма, қазіргі таңда 85 ірі қара, 69 жылқы, шамамен 600 қой-ешкі  бағады. 

Жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығы (КҚО) бизнесмен әйелге «Ырыс»  бағдарламасына қатысуды ұсынды. Еске салалық, ол отбасылық сүт-тауарлық  фермалар жүйесін дамытуға арналған «Агробизнес – 2020»  аясында іске қосылған болатын.  Ең көп  қарыз сомасы  – 60 млн теңге,   4%  жылдық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 жыл мерзімге дейін беріледі. Фермерлердің  бұл қаржыға асыл тұқымды сүтті ірі қара мал, қажетті техника жабдық  алу мүмкіндігі бар. 

КҚО фермерге несиеге қажетті құжаттарды жинауға, бизнес-жоспар жасауға және өнім беруші/жабдықтаушылармен шарт жасасуға жәрдемдесті. Жоба көп кешікпей мақұлданды. Қазіргі уақытта алғашқы транш – шамамен 22 млн теңге түсті.

Айгүл Ибрашева алған қаражатына Павлодар облысынан ет-сүт бағытындағы симментал тұқымды 50 бас сиыр әкелмекші.

Қаражаттың қалған бөлігі бордақылау алаңын жөндеуге, техника мен қажетті жабдық алуға  жұмсалады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер