«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Іскерлік байланыстар табысқа бастайды

2016 жылғы 17 Маусым
- Ақмола облысы
6811 просмотров

«Іскерлік байланыстар» жобасы аясында бірден үш ақмолалық кәсіпкер Кельн (Германия) қаласында шетелдік тәжірибеден өтті

Еске салсақ, Ұлттық палата Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе «Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асыруда. Ол экономиканың басым секторларында қызмет ететін ШОБ субъектілерін қолдауға бағытталған. Жоба екі кезеңнен тұрады. Біріншісі Қазақстан аумағында іске асады, екіншісі шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді қарастырады. «Бұл үш апталық сапар барлық жағынан көңілімнен шықты, – деп, алған әсерлерімен бөлісті Көкшетау қаласының «Агропродукт» МК» ЖШС директорының орынбасары Руслан Қожабеков. – Біріншіден, бұл менің Еуропаға жасаған алғашқы сапарым. Қызықты мәдени бағдарлама жасалған, десек те, ең бастысы, теориялық білім алу жайлап тәжірибелік білімге ауысып отырды. Бұдан кейін біз неміс кәсіпорындарымен танысуға мүмкіндік алдық. Олардық қатарында «Volkswagen» секілді автомобиль жасау ісінің алыптары болды».

Руслан Қожабековтың айтуынша, ол өзі алған білімі мен тәжірибесін басшылығымен және әріптестерімен бөліскен. «Біздің кәсіпорын дәнді-дақылдарды қайта өңдеуге маманданған. Ұн тартумен айналысатындар көбінесе қауырт орындалатын жеткізу проблемасымен барлық жерде бетпе бет келетіні жасырын емес. Неміс компанияларының бірі бізге орталықтан басқарылатын сатып алу жүйесін көрсетті. Бұл жүйе логистиканы, бағаларды шолу, жалпы талдауды қамтитын әрекеттер тізбегі. Міне, осындай жүйені бізде де енгізу қажет», – деді кәсіпкер.

«Керемет әсер алдық!», – деді өз әріптесіне Есіл ауданындағы «Алтын дала» шаруа қожалығының директоры Майрамгүл Көжебаева. – Кәсіби мамандардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан командасы бізге, тағылымдамадан өтушілерге, аз уақыттың ішінде қажетті ақпарат бере алды. Біз «қайта оқып шықтық» десек қате айтпаспыз. Мен сияқты үлкен жұмыс тәжибесі бар басшы үшін басқару саласында менеджмент, маркетинг, кадрлық ерекшелік секілді жаңа даму жолдары ашылды. Мен, мысалы үшін, осындар сатылымдар деңгейі болады деп ойламаппын. Дәнді-дақылдарды өткізуге қатысты мен көп қиындық көрмедім, бірақ жергілікті фермерлердің тәжірибесі үлгі алуға тұрарлық екен. Көп мөлшерде алып қайтқан мамандандырылған әдебиет те көмек болады. Мұндай тағылымдамаларды, сөзсіз, қолдаймыз!».

Білім алушылардың пікірінше, шетелдік әріптестерден алған тәжірибе олардың бизнесті жүргізу саясатына деген көзқарасты өзгертіп, болашақта жаңа технологияларды енгізу мүмкіндіктерін қарауға, қажетті әрі пайдалы байланыстар орнатуға жол ашты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер