«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлер үшін қаржы көзі табылды

2016 жылғы 10 Маусым
- Ақмола облысы
8973 просмотров

Қазан айында ӨКП алаңында майлы дақылдар шығаратын кооператив таныстырылады

Бұл туралы брифингте Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы, ӨКП директоры міндетін атқарушы Қазыбек Ескендіров мәлім етті. Сондай-ақ ол «Өңірлік кәсіпкерлер палатасында майлы дақылдар шығарушылардың кооперативін құру жұмыстары ойдағыдай жүріп жатқанын» айтты.

Баспасөз мәслихатында ӨКП сарапшылары Палата қызметінің 2013-2016 жылғы қорытындыларын шығарып, болашақ жоспарларымен бөлісті.

Негізінен май дақылдарын шығарушылардың кооперативін құруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айта келе, Қазыбек Ескендіров өңірдегі ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің бірнеше кездесуі өткендігін, сол кездесулер барысында бірлестіктің ұйымдастырушылық-құқықтық түріне қатысты мәселелер талқыланғандығын атап өтті. Өткізу кооперативінің қызметі өнім жинауға бағытталмақ.

«Бірлестікке қатысушыларға қаржы көзі табылып, сондай-ақ, нарықтық жағдайда бірдей баға құру механизмін дайындауға мүмкіндік береді. Өнімнің ірі топтамасын сатқан жағдайда, тауар бірлігінің бағасы тиімді шарттарға сай құрылады. Толықтай алғанда, кооперативтің жұмыс істеу қағидасы оның қатысушылары үшін экономикалық тартымдылыққа негізделеді», – деп атап өтті Қазыбек Ескендіров.

Айта кетерлігі, Палатаның соңғы жиынында халықаралық ірі трейдерлердің бірімен қажетті өнімді сату мүмкіндігіне қатысты келісімге қол жеткізілді. Одан бөлек, майлы  дақылдарды сақтау және өңдеу бойынша ұсыныстар да бар.

Жақында өңірдің бизнес-қауымдастығына таныстырылған Өңірлік даму картасының артықшылықтары туралы ӨКП директорының орынбасары Фатима Герфанова айтып берді.

Қазіргі таңда Палата карта ресурсына (www.businessmap.kz) орналастыру үшін бизнес-жоспар жазудан бастап, жобаны жүзеге асыру сәтіне дейінгі инвестициялық жобалар іріктелуде. Бүгінг таңда өңір экономикасының маманданданған саласы – дәстүрлі ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі (азық-түлік өнімдерін шығару, металлургия, химиялық өнеркәсіп) және туризм.

Айта кетерлігі, Картаға Ақмола облысынан да он бестей жоба енгізілді. Өңір ерекшелігін есепке алғанда, соның ішіндегі оны АӨК: сүт өнімдерін шығару және қайта өңдеу, түйетауық өсіруге арналған кешеннің құрылысы, сүт-тауарлы ферма салу мен іске қосу, ауылшаруашылығы малдарына арналған жем шығару және басқалары.

«Өңірлік палата сервистік қолдауды 2015 жылдан бері сервистік компанияларды тартпастан, толығымен өз бетінше көрсетуде. 2015 жылы 1677 кәсіпкерге 2500-ден астам қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері 308 кәсіпкерге 400 қызмет көрсетілді.

«Бизнес-мектеп» жобасы бойынша 2015 жылы облыстың барлық аудандарынан 1000-нан астам адам оқытылды, соның ішінде 150 адам бизнесті қолға алды. 324 жоба жүзеге асырылды», – деп Фатима Герфанова экономикалық блоктың жұмыстарын қорытындылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер