«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауылшаруашылық кооперативтерінің саны артуда

2016 жылғы 24 Мамыр
- Ақмола облысы
9070 просмотров

Ақмола облысындағы өңірлік Кәсіпкерлер палатасы ауылшаруашылық кооперативтерін құру жұмыстарын жалғастыруда

Тек қана мамыр айында Жақсы ауданында алты ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ашылған. Бүгінгі таңда өңірде барлығы шамамен жиырмаға тарта кооператив бар, олар негізінен мал шаруашылығымен және өсімдік өсіру саласымен айналысады.

«Әлбетте, бұл анау айтқандай үлкен көрсеткіш емес. Десек те, кооперативтік саланың әлеуетті қатысушыларының әрбірімен Палата сарапшылары жеке-жеке жұмыс жасады. Бұған дейінгі жылдары ашылған АӨК-ді қайта тіркеу бойынша жоспарлы жұмыс жасалуда. Қолдауды қажет ететін жобаларды сарапшылар соңына дейін қолдау көрсетіп тұратын болады», – деді ӨКП Жақсы аудандық филиалы директоры Әсел Құсайынова.

Бүгінгі күні «Ауылшаруашылық кооперация туралы» Заңы аясында мемлекет айтарлықтай қолдау көрсетіп келеді. Несиелеу кезінде арнайы салықтық тәртіп, жеңілдіктер қарастырылған. Кооперативтер, оның ішінде жер телімдері барлары салықтың бес түрі бойынша 70%-дық  жеңілдікке ие екені белгілі. Субсидиялау бойынша барлық АӨК басымдыққа ие. Мәселен, субсидиялау кезінде ірі қара мал басының жиынтық мөлшері қарастырылады. Кооперацияға біріккен шаруалар кепілсіз несиелер, субсидиялар ала алады, бұған қоса, өндірілген өнімді сату кезінде арнайы салықтық тәртіп әрекет етеді.

Мамыр айында ашылған АӨК басшылары мал шаруашылығын дамыту үшін «Даму» қоры арқылы несие алды. Олар асыл тұқымды бұқаларды өсірумен айналысады. Несиелер бизнесті дамыту, нақтыласақ, қосымша ірі қара малын сатып алу үшін қажет болған. Мемлекеттік қолдау бағдарламасына өтінім берген соң, АӨК басшылары «Даму» қорынан жылдық пайыздық мөлшерлемесі 7% болатын, 50% кепілдігі бар несие алған.

Тағы бір АӨК Жақсы ауданында дәнді дақылдар өсірумен айналысады. Алынған қарыз көмегімен қожалық енді ірі қара мал өсіретін болды. «Бизнестің жол картасы-2020» аясында фермерлер жеңілдікпен субсидиялауға ие болды. Оның аясында, пайыздық мөлшерлемесі бойынша 7% және 13%-ын мемлекет өтеп бермек. Ал жетпеген кепілдік қаражаттың 20%-ын «Даму» қоры қамтамасыз етпек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер