Қолдың сүті: дәмді әрі пайдалы
Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалының сарапшылары жас кәсіпкердің бизнес-идеясын жүзеге асыруға көмектесті
Жобаны сенімді түрде әлеуметтік деп атауға болады: Атбасар қаласының тұрғыны Күлжамал Жүсіпова мұқтаждығы ерекше жан, ол II топтағы мүгедек.
«Кәсіпкер атану менің бұрыннан келе жатқан арманым едім. Алайда, батылдық жетпеді. Күдігім Кәсіпкерлер палатасына барғаннан соң сейілді», – дейді біздің кейіпкеріміз.
Қазіргі жағдайларда бизнестің қай түрі тиімді? Күлжамал Жүсіпова Палата сарапшыларымен өзінің ойларымен бөлісті. Оның пікірінше, бүгінгі таңда сүт өнімдерді ең сұранысқа ие тауарлардың бірі, ол қажетті тауарлар себетіне де енгізілген.
«Әр отбасы орта есеппен күніне кем дегенде «сүттің» екі түрін тұтынады. Табысты екені айқын деп ойлаймын», – деп есептейді Жүсіпова.
Сүт өнімдерін өткізу жөніндегі жобаға Палата сарапшылары толығымен қолдау көрсетті. Кәсіпкер әйелге кеңес беріп, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы қарыз алу үшін құжаттарын рәсімдеуге көмектесті.
Алайда, құжаттарды дайындау барысында мемлекеттік органдар тарапынан туындаған мәселелер кес-кестеді. Жергілікті тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма қол өнімдерін өткізуге рұқсат беруден бас тартты. Шенеуніктер неге екені белгісіз оның орны базар деген шешімге келіпті.
ӨКП филиалының заңгерлері сүт асханасын құру базарға тамаша балама деген дәйекті дәлелдер келтірді. Шыны керек, оның шығыны көп, алайда істің болашағы жарқын. Қажетті тауарларды жеткізу мақсатында көкшетаулық өнімнің сыртын қаптайтын материалдар шығаратын компаниямен шарт жасалды.
Алайда, уақыт өте келе тағы бір мәселе қылаң берді. Құжаттарды банкіге тапсыру барысында жер актісінде келтірілген аумақтың мемлекеттік тізілім мәліметтерімен сәйкес келмейтіндігі анықталған. Өңірлік палата филиалының сарапшылары аудандық жер қатынастары бөліміне кадастрлық көрсеткіштерді анықтап беру туралы сұрау салды.
Мемлекеттік орган Палатаның дәйектеріне құлақ асып, құжаттар мен тізілімге тез арада өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде Күлжамал Жүсіпова несие алуға уақтылы құжат тапсырып үлгерді, ал біраз уақыт өткен соң 1 700 000 теңге сомасында несие алды.
«Бұл біздің кішкентай болса да кезекті жеңісіміз. Атбасарда сүт асханасын ашу әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тиімді. Үш жаңа жұмыс орны құрылды, ал табиғи өнім өзіндік сапасымен елді қуантып отыр», – дейді филиал директоры Ерлан Қаппасов.
Айта кетерлігі, барлық өнім күн сайын барлық қажетті стандарттар мен талап етілетін көрсеткіштерге сәйкес зертханалық тестілеуден өткізіледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: