«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тігінші де өзі, сатушы да өзі

2016 жылғы 01 Сәуір
- Ақмола облысы
9328 просмотров

Кәсіпкерлер палатасының Жақсы ауданындағы филиалына жергілікті тігін цехының директоры Қарашаш Ысқақова шығарған тауарын өткізуге көмек сұрай келген еді

Тігін кәсіпорнынан шығарылатын тауарлардың ауыл тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие екенін айта кеткеніміз жөн. Мұнда тігін шеберханасының иесін қосқанда, үш маман жұмыс істейді. Олар сырт киімнен бастап төсек жабдықтарына дейінгінің барлығын тігіп береді.

Соған қоса, Ысқақованың тағы екі дүкені бар. «Саудамен бұрыннан айналысамын, шаруа өрге домалаған соң, жаның шығармашылықпен айналысуды қалайды екен. Тағы не істей алатындығымды ойлана келе, тігінмен айналысуға шешім қабылдадым. Қаражатты «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша рәсімдеп, Жақсы ауылының орталығынан үй сатып алдым, сонымен барлығы орайласа кетті. Бүгін сұраныс көп деп сеніммен айта аламын, қосымша көмекшілер алуды да ойластырып жүрмін», – дейді кәсіпкер.

Алайда, шеберхана иесінің бұдан да кең ауқымды қамтитын деңгейге көтерілгісі келеді. Палата сарапшылары бизнес-ханымға ауданның барлық ұйымдарына жарнамалық кампания жүргізуге қол ұшын берді. Нәтижесінде, «ДӘН» бала бақшасының өкілдері тігін цехының өнімдерін сатып алуға тілек білдірді. 

Бизнес-ханымға мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін электронды өтінім толтыруға көмектесті. Кәсіпкер конкурсты жеңіп алып, бала бақшаға еш кедергісіз өз өнімдерін өткізуге кірісіп кетті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер