«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік кодекс жақында енгізілсе де, басымдыққа ие

2016 жылғы 18 Наурыз
- Ақмола облысы
10002 просмотров

ӨКП-ның бастамасымен «Прокурор түсіндіріп береді» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Жиынның мақсаты – жаңадан қабылданған Кәсіпкерлік кодексін түсіндіру. Кодекс ағымдағы жылдың 1 қаңтарында енгізілді, ол бизнес пен биліктің құқықтық қатынасын реттейді. Онда бизнестің норма шығаруға қатысуы; мемлекеттік-жеке әріптестік; мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары, шешімдер, ескертпелер; бағалар мен тарифтерді мемлекеттік реттеу; мемлекеттік бақылау; жекелеген қызмет түрлеріне мемлекеттік қолдау көрсету (индустриялды-инновациялық, инвестициялық және т.б.) сияқты бірқатар мәселелер қарстырылған. Кейбір бөлімдер толығымен кәсіпкерлік субъектілерінің құқын қорғау нысандары мен тәсілдеріне арналған.

Осы ережелердің арасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процессіндегі заңбұзушылық жағдайында мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданбастан бұрын алдын ала ескерту туралы 13 баптағы басымдықты ерекше атап өтуге болады. Осы бапқа сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипаты мен ауырлығына сәйкес келуі керек.

Біз Кодекстің осы бабының қолданылуына байланысты орын алған жағдай туралы жазған едік. Кәсіпкерлер Облыстық статистика департаментіне шағымданып, ӨКП-ға жүгінген еді. Мемлекеттік орган бизнес субъектілеріне ешқандай ескертпесіз, статистикалық есепті дер кезінде тапсырмағандары үшін айыппұл салған. Қайшылық мынада боп тұр, кәсіпкерлер инвестициялық әрекеттерді жүзеге асырмастан, тіпті жоспарламастан, бос графикаларды толтырған. «Кінәлі» шенеуніктерді ерекше жазалаған: ең аз айыппұл 30 мың теңгедей болған. Бұл мәселе бойынша Палата сот арқылы үш кәсіпкердің құқын қорғады. Ал мемлекеттік орган әкімшілік жауапкершілікке шағын және орта бизнестің 64 субъектісін тартты.

Айта кетерлігі, негізінде бұл жағдайда кәсіпкерлердің белсенді көзқарасы маңызды болар еді, кәсіпкерлер өз құқықтары мен мүдделері үшін күресуге дайын. Мәселе басқада. Палатаға бір уақытта екі кәсіпорын шағымданған. «Каскенов и К» ЖШС темір жол арқылы жүк тасымалын жүзеге асырады. Алайда бір тармағына иелік етуші «Садвакасова Ж.С.» ЖК темір жол қызметін ұсынудағы тұрақсыз тарификацияны алға тартып, вагондардың берілуін тоқтатып тастаған. Бұл жағдайда облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаменті аталмыш мәселені медиативті тәртіпте, сәйкес тарифтерді бекіту арқылы шешуді ұсынған еді.

Мұндай мысалдар проблемалық мәселелерді қарастыруда лауазымды тұлғалардың алдымен әкімшілік құқықбұзушылық болды ма, заңбұзушылыққа  дәл сол тұлға кінәлі ме және ол әкімшілік жауапкершілікке жата ма, міне, соларды анықтап, мәселені дұрыс шешуде маңызды басқа да жағдайларды қарастыруы қажет екенін көрсетеді.

Дөңгелек үстел басында ортаға салынған барлық мәселелерді Палата сарапшылары түртіп алып, кейбіреуіне қатысты прецеденттер жасауға уәде етті. Өз кезегінде облыстық прокуратураның өкілі Ақылбек Смағұлов кейбір жағдайларда қадағалаушы органдар сәйкес тексерістерді жүзеге асыруға мәжбүр екенін атап өтті. «Егер заңдар мен кодекстер шамалас болса, олар бойынша қайшылық туған жағдайда, кейінірек күшіне енген заңнамалық актілердің нормалары басшылыққа алынады. Соған сәйкес, Кәсіпкерлік кодекс жақында енгізілген болса да, ол басымдыққа ие», – деді прокурор.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер