«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл тұрғындарына нан тегін таратылды

2016 жылғы 02 Наурыз
- Ақмола облысы
8681 просмотров

Жалпыұлттық «Қайырымды іс жаса» акциясына Ақмола облысының кәсіпкерлері де атсалысуда

Мәселен, Жарқайың ауданы Гастелло кентінің тұрғыны Анатолий Бондаренко Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бөлімшесімен бірлесе отырып, ауылдастарына өзі өндіретін өнімдерді тегін таратты. Кәсіпкер нан өнімдерін пісірумен айналысады, ол өзінің шағын наубайханасын өткен жылы ашқан.

Бозала таңнан бастап ауыл тұрғындары нанның алғашқы легін тегін ала бастады. Олар нанның тегін таратылатынын естігенде таңданыстарын жасыра алмады. Енді Анатолий Бондаренко нанды жиі таратып тұрмақ.

 «Шағын болса да өз бизнесін ашқан адам ретінде қарапайым адамдар тарапынан көрсетілетін қолдаудың ауадай қажет екенін жақсы түсінемін», – деп түсіндірді өз ісін кәсіпкер.

Сондай-ақ, Степногорск қаласына қарасты Қарабұлақ ауылындағы «Олжас» шаруа қожалығының иесі Гүлмайра Баймақова жағдайы төмен ауылдастарына тегін азық-түлікпен көмектессе, зейнеткерлерге сүт, жұмыртқа, қаймақ, ірімшік сияқты азық-түлік өнімдерін арзан бағамен ұсынады. Акция аясында кәсіпкер Степногорск қаласындағы Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер