«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлерді толғандыратын мәселе көп

2016 жылғы 01 Наурыз
- Ақмола облысы
7513 просмотров

Мемлекеттік органдар кәсіпкерлер мәселесін дер кезінде шешуге асықпайды

Жыл басынан бері өңірлік кәсіпкерлер палатасына бизнесті қорғау желісі бойынша 50 ден аса өтініш келіп түссе, 36 өтініш бойынша оң нәтижеге қол жеткізілді. Мұндай мәліметтер өңірлік кәсіпкерлер палатасының құқықтық блогы сарапшыларының ұйытқы болуымен өткен брифинг барысында айтылды.

Қоғам назарын өзіне аударған өтініштердің бірі – кәсіпкерлердің «Көкшетау Энерго» Көкшетау қалалық электр желілері» ЖШС әрекеттеріне қатысты шағымы. Монополист барлық заңды тұлғаларға электр құрылғыларын пайдалануға беру қызметтерін жүзеге асыратын арнайы ұйыммен шартқа отыру қажеттігі туралы ескертпе жіберген, осылайша компанияға лоббистік қызмет көрсеткен. Палата сарапшыларының дер кезіндегі іс-қимылының арқасында аймақтық прокуратура заңбұзушылықтарды жою туралы бұйрық шығарды. Бүгінде 300-ге жуық ескертпе белгіленген тәртіпте қайтарып алынды.

Ауылшаруашылық өндірісімен айналысатын бірқатар кәсіпкерлік субъектілерінің 3 миллион теңгеден астам сомада заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік туды. Шенеуніктер фермерлерге негізсіз субсидия бөлінді деген сылтаумен, олардан қаржыны қайтарып алмақ болған.

Сондай-ақ Көкшетау қаласындағы танымал кәсіпкердің «сағызша созылған» жер мәселесін шешуге мүмкіндік туды. Жер мәселесі бойынша құрылған комиссия екі жыл дегенде А. Юрченкоға сауда нүктесін орналастыру үшін, жекеменшік жер телімін бөліп берді. Осы нысанның жартысына иелік ететін бизнестің өзге субъектісіне кезінде қала әкімшілігі сөзге келместен жер телімін берген болатын.

«Тәжірибеде жер қатынастары, салық салу, қаржы саласына қатысты кедергілер жиі кездеседі. Кәсіпкерлер өз бастарында кездескен мәселелерді айта отырып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан шешімнің ұзаққа созылу деректерін келтіреді. Олар нарықтағы субъектілерге әрқалай қарайтын көрінеді», – деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Валентина Геращенко.

Қазіргі уақытта Палата сарапшылары кәсіпкерлердің облыстық статистика департаментінің әрекеттеріне қарсы шағымын сот тәртібінде қарауға әрекеттенуде. Бизнес субьектілері мемлекеттік органдардың кәсіпкерлерді алғашқы статистикалық мәліметтерді белгіленген мерзімде бермегені үшін,  өтемақы төлеуге міндеттегеніне наразылық танытты. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың  1 қаңтарынан бастап күшіне енген Кәсіпкерлік кодексте бизнес субъектілері мен мемлекеттік органдардың құқықтық қатынастары белгіленген: кәсіпкерлердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына қарсылық көрсетуге құқы бар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер