«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жер мәселесі талқыға түсті

2016 жылғы 22 Ақпан
- Ақмола облысы
8593 просмотров

Шортанды ауданы кәсіпкерлері үшін жер мәселесі өзекті тақырыптардың бірі саналады

Осыған байланысты өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалы мен бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестігінің аясында Шортанды ауданы ҰКП филиалының сарапшылары қолданыстағы заңнама нормаларындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша кездесу ұйымдастырды. 

Жер кодексіне, атап айтқанда, ауылшаруашылық мақсаттағы жер телімдерін жеке және заңды тұлғаларға жекеменшік ретінде беру туралы өзгерістер енгізілгені белгілі. Аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Анна Пилипчуктың айтуынша, кодекске сәйкес қазіргі жер пайдаланушылар бүгінде басым құқыққа ие. Жерлерді сатып алудың ынталандыру шаралары ретінде кадастрлық құнның 50% көлемін он жылға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін қарастыратын жерді жеңілдікпен сатып алу механизмі сақталған. Жер пайдаланушылар құқықтық келісімдер жасай алады, жекелей алғанда үлестерін банкке салып немесе оларды жалға алу мерзімі аралығында иесіздендіре алады. Шаруаларға қолайлы жағдайлар жасау үшін әкімшілік кедергілер мен шығындарды қысқарту арқылы ауыл шаруашылығы нысандарының құрылысы мен меншік формасын ауыстыру кезіндегі жер телімінің нысанды мақсаттылығын өзгерту процедурасы алынып тасталған.

Тағы бір өзекті мәселе – нысан құрылысы үшін жер телімін беру. Мұндағы шағын кәсіпкерлік субъектілері назар аударуы тиіс бір өзгешелік: Жер кодексінің 44-1-бабы бойынша құрылыс салу үшін жер телімінің мақсаттылығы қызмет түрлеріне қарамастан ғимараттар тұрғызуға лайықты деп бекітілген (құрылыс). Жалпылай алғанда, пікірталас басшылар мен ауылшаруашылық сала өкілдерінің қызығушылығын тудырды. Себебі, бұған дейін өзекті мәселелер мұндай форматта талқыланбаған. Пікір алмасу өте тартысты өтті. «Мұндай алаңдар толғағы жеткен мәселелерді талқылап, шешімдерін де осы арада табуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді өңірлік палата филиалының директоры Темірбек Алғазин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер