«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

КҚО-ның көрсетер көмегі көп

2016 жылғы 16 Ақпан
- Ақмола облысы
8256 просмотров

Балаларды дамыту орталықтары соңғы уақытта танымал бола бастады

Мұндай үрдіс кезінде көптеген адамдар балаларды дамыту орталығын ашып, бизнес жүргізуді қарастыра бастайды.

Есіл ауданындағы Кәсіпкерлерді қолдау орталығына кәсіпкер Гүлнәр Мұқжанова келіп жүгінді. Гүлнәр өз ісін баяғыда бастағысы келген, бірақ оны неден бастарын білмей жүр еді.

«Менің қасымда бизнесті ұйымдастыруға көмектесетін және мен сияқты тәжірибесі жоқ кәсіпкерлерді қателіктерден сақтандыратын тәлімгер болмады. Бюджетті қалай тең бөлу керек? Клиенттерді қалай тарту керек және бизнес-процестерді қалай бір ізге түсірген дұрыс?» – деп сауал тастайды бизнесвумен.

Гүлнәр Мұқжанованың сөзінше, ол КҚО туралы көптеген жақсы пікірлер естігендіктен, осында келген. КҚО консультанттары оны жаңа бизнес әлемінің қыр-сырымен таныстырып, оған ұйымдық-құқықтық нормалардың ерекшеліктері мен артықшылықтары жайында айтып берді.

«Мен өзімді мазалаған сұрақтардың бәріне тегін жауап алдым. Қандай рұқсатнамалар керек, жұмыс кезінде қандай құжаттарды басшылыққа алуым қажет, ғимаратты таңдағанда қандай нақты және құқықтық талаптар қойылады, балалар тәрбиесінде маған қандай жауапкершілік жүктеледі, қызметкерлерді қалай жұмысқа қабылдаймын, осы мәселелерді шешуге Орталықтың қызметкерлері көмектесті»,– дейді бизнесвумен.

Кәсіпкер ғимаратты өз қаражатымен қайта жабдықтап, жұмысқа тәжірибелі педагогтерді шақырады.

Балалар орталығы 25 бөбекке лайықталған, бөлмелердің іші керекті жиһаздармен, техникамен жабдықталған.

Гүлнәр жуық арада білім беру кешенін дамытуға және одан әрі жақсартуға қажетті жабдықтар мен материалдар алу және бизнесті кеңейту мақсатында несие алуды жоспарлап отыр. Бұл істі шешуге де КҚО консультанттары көмектеспек. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер