«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қысым көрсеткен хабарлама

2016 жылғы 28 Қаңтар
- Ақмола облысы
7838 просмотров

Монополист барлық тұрмыстық  аспаптарды негізсіз түрде «электр қондырғыларға» теңестіріп қойды…

Жаңа жылда алғаш өткізіліп отырған Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысына шығарылған мәселе көпшіліктің назарын аудартты. Белсенді талқылаудың негізгі кейіпкері Көкшетау қаласы энергиямен жабдықтаушы компания болып отыр, ал оған кәсіпкерлердің Өңірлік палатаға «Көкшетау қалалық электр желілері «Көкшетау Энерго» ЖШС әрекетіне шағыммен жүгінуі себеп болды.

Монополист ҚР энергетика министрінің бұйрығымен бекітілген «Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану техникасы қағидаларына» сілтеме жасай отырып, барлық заңды тұлғаларға электр энергиясын тұтынушылардың электр қондырғыларды сәйкестікке келтіруі туралы хабарлама таратқан. Хабарламаның 5 тармағында аталмыш жұмыс түріне лицензияны қоса тіркеумен электр қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйыммен шарт жасау ұйғарылғанын атап өту керек.

Атап айтқанда, «Көкше-Быт» ЖШС директоры Болат Баязитов өтінішінде: «Аталмыш хабарламаға сәйкес «Көкше-Быт» ЖШС лицензияны қоса тіркеумен электр қондырғымен жоспарлы жұмыс жөнінде акт ұсынуға, сондай-ақ сәйкес көлемдегі төлемге маманданған ұйыммен шарт жасасуға міндетті. Бұл жағдайдың басын ашып беруді сұраймыз…», - дейді.

«Нордфарм Көкшетау» ЖШС өкілі Дмитрий Зацепилиннің айтуынша, компания басшылығы хабарлама алғаннан кейін есеңгіреп қалады. Кәсіпорын дәріхана бизнесімен айналысады, ал электр энергиясын зор көлемде тұтынатын ондай жабдығы жоққа тән. Мұндай форма компаниядан ондаған, тіпті жүздеген мың теңгені қажет етеді.

Палата сарапшылары хабарламаның әрбір тармағын мұқият зерттеді. Біріншіден, жоғарыда берілген қағидаларда мұндай шарт жасауға міндетті шарт қойылмаған, ұстанатын талаптар ғана бар.

«Электр қондырғы» деген түсінік те түсініксіз. Аталмыш Қағидаларға сәйкес, электр қондырғы – 0,4-220 киловольт (бұдан әрі – кВ) кернеумен жұмыс жасайтын және өндіріске, электр энергиясын өткізу, бөлу және оны энергияның басқа түріне айналдыруға арналған машиналар, аппараттар, желілер мен қосалқы жабдықтар жтиынтығы.

Оның үстіне, хат қорқыту сипатында жазылған: хабарламаны орындамаған жағдайда, энергиямен жабдықтаушы компания электр энергиясын жеткізу жайлы жасалған шартты бұзуға дейін бармақшы.

ӨКП құқықтық блогының сарапшылары пікірінше, нарықтың доминант субъектісі хабарлама жібермей тұрып, кәсіпкерлік субъектісінің қандай санатқа жататынын анықтауға, оның сәйкес келуге тиіс критерийлерін белгілеуге, градацияны айқындауға тиіс болған.

Энергиямен жабдықтау шартының жария болып табылатынын (ҚР Азаматтық кодексінің 387 бабы) ескеру қажет. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес, коммерциялық ұйыммен жасалған және оның осындай ұйымның қызметі сипатына қарай өзіне жүгінгендердің әрқайсысына қатысты іске асыруға тиіс тауарлар сату, жұмыстар орындау немесе қызметтер көрсету жөніндегі міндеттемелерін орнататын шарт жария деп танылады (бөлшек сауда, жалпы қолданыстағы көлікпен тасымалдау, байланыс қызметтері, энергиямен жабдықтау, медициналық, қонақүй қызметі және т.с.с.). Коммерциялық ұйым заңнамада көзделген жағдайлардан басқа жария шартты жасауға қатысты басқалардың алдында өзге бір тұлғаға артықшылық беруге құқығы жоқ.

Сарапшылар хабарламада электр қондырғыларды пайдалану жөніндегі қызметті жасайтын маманданған ұйыммен шарт жасауды алға тарту байқалады деген ойда.

Мәселе Кеңес қатысушылары арасында қызу талқыланды. Кеңес мүшелерінің көпшілігі хабарлама – монополистің кәсіпкерлік субъектісіне жасаған өзінше бір қысымы деп санайды.

«Оның үстіне, күрделі экономикалық жағдайда, сайлауалды науқаны кезінде ол тұрақсыздық сипатында болып отыр. Бұл халықтың қарсылық ауанына әсер етпей қоймайды», - деп баса көрсетті мемлекеттік қызмет аумақтық департаментінің басшысы Қуаныш Жапақов.

Кеңес мүшелері аталмыш дерек бойынша тексеріс жүргізіп, оның нәтижесінде шешім шығаруға бір ауыздан келісті. Палата сондай-ақ Ақмола облысы прокуратурасына сәйкес сұрау жолдады. 

Отырыстың жағымды сәттері де болды. «Kazyna invest company» ЖШС өкілі Кәсіпкерлер палатасына көлемді жобаны жүзеге асыру жөніндегі мәселені шешуге көрсеткен жәрдемі үшін алғысын білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер