«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Үлкен әлеуетке ие амбициялы адамдар қажет

2016 жылғы 22 Қаңтар
- Ақмола облысы
8353 просмотров

Өңірлік палата Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын қолдайды

Өңірдегі жетекші кәсіпкерлер бас қосқан дөңгелек үстел барысында әркім аталмыш бастама жайлы пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда, «Гормолзавод» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Әсен Жақсылықовтың ойынша, жаңа, амбициялы заң шығарушылар формациясы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлты жоспарында белгіленген реформаларды тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Бүгінде қалыптасып жатқан экономикалық жағдайларға қарамастан, өзекті міндеттерді белсенді түрде іске асыруға тиіспіз: өндірісті дамытып, әсіресе ауылдық жерде, қосымша қаражат пен ресурстарды тарта отырып, шағын және орта бизнесті қолдауымыз қажет», - деді ол. 

«Химик» ЖШС директоры Иван Поздняков жаңартылған депутаттық корпусқа оңай болмайтынын атады. Алайда қоғамымыздың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени өмірінің деңгейін айқындайтын ресурстық әлеуетті тарту сияқты кезектен тыс сайлау өткізудің міндеті дәл осыған бағытталған.  

Кездесуге қатысушылар дөңгелек үстел соңында өңірлік палатаның ҚР Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қолдау мақсатында шығарған шешімімен танысты.  

«...ҚР Парламенті Мәжілісі құрамының жаңаруын еліміздің алдағы уақытта табыспен дамуы үшін жоғары маңызға ие заңды да уақытылы жасалған қадам деп есептейміз. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттер, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру процесіне жаңа көзқарастағы, қалыптан тыс ойлай алатын, креативті идеясы бар, жаңа ұстанымға ие жаңа адамдарды тарту бәріміздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашады деген ойдамыз», - делінген үндеу мәтінінде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер