«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестегі жолыңды табу

2016 жылғы 13 Қаңтар
- Ақмола облысы
11935 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы көрсеткен жәрдемнің арқасында Жарқайың ауданының экономикалық картасына тағы бір өндіріс орны қосылды

«Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Жарқайың филиалы сарапшыларының жәрдемімен жеке іс ашып қана қоймай, өз жолымды таптым», - дейді Державинск қаласының тұрғыны Сергей Филиппук.

Жеке іс ашу – оңай жұмыс емес, бизнестегі алғашқы қадамдар жайдан‑жай келе қалмайды. Идея бар болса – бастапқы капитал болмайды, қаражат табылса – одан арғы механизм қандай деген сауал туындайды – ісін бастаушы кәсіпкерлер шамамен осыған ұқсас мәселелерге жолығады.

Сергей Филиппук идеясын дұрыс құрылымдапты: алдымен өңірлік палатаның жергілікті филиалына жүгініп, ойымен бөлісті, өзі жайлы айтып берді. Ол ұзақ уақыт бойы тұрақты жұыс онын, тұрақты жалақы таба алмай жүрген екен. Жеке іс ашып, өз‑өзіне жұмыс жасауды жиі ойлай бастайды. Бұрын ағаш шеберлігіне қызығушылық танытып, өзі үшін түрлі дүниелер жасап жүрген Сергей  осы жолмен алға жылжып, корпустық жиһаз дайындайтын цех тұрғызуға бел буады. «Адамның күнделікті тұрмысында жиһаз басты мәнге ие десек те болады. Бұл жайлылықтың кепілі. Мәселен, асүйге, қонақ бөлмеге, кіре‑беріске немесе балалар бөлмесіне арналған копустық жиһаз бар. Осының табысты іс боларын және үнемі халықтың сұранысына ие болатынын ойладым», - дейді ісін бастаушы бизнесмен.

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының консультанттары қарыз алудың барлық шарттары жайлы ақпарат беріп, «Филиппук» ЖК тіркеуге көмектесті. Кәсіпкердің «Жұмыспен қамтудың жол картасы‑2020» аясында кредит алуға өтінім беру үшін қажет құжаттарды жинауы ғана қалды. Көп өтпей өтінім де мақұлданды.

Сергей Филиппук алған қаражатына Челябі қаласынан ламинирленген ағаш‑жаңқа тақталарды кесуге арналған форматтық-кесу білдегін алып, орынды жабдықтады. Жаңа жиһаз цехы ісін бастап кетті, тапсырыстар түсіп жатыр. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер