«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Пима өндірісі қайта жанданды

2016 жылғы 08 Қаңтар
- Ақмола облысы
9856 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы филиалы араласуының арқасында Астрахан ауданындағы пима өндірісі қайта жанданды

Өнеркәсіптік өндіріс дамыған қазіргі заманда майдагерлік кәсіпшілік біртіндеп жойылып бара жатқандай көрінетіні рас. Алайда соңғы кездері басқа бір тенденция айқын болып отыр: тұтынушы ұлттық нақыштағы бұйымдарға қызығушылық танытуда.

Жеке кәсіпкер Лариса Попова 2013 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша үш миллион теңге алып, пима өндіруге арналған жабдық сатып алады. Одақ кезінде қолданыста болған пима цехы бос тұрған еді. Бизнесвумен осының базасында солтүстік өңірлер үшін табысты өндірісті қайта жаңғыртуға бел буады. Шикізатты жергілікті халықтан сатып алады, бірақ бұл тұста бір кедергі кездеседі: аталмыш аяқ киімді басып жасау үшін қойды маусымдық қырқу кезінде, атап айтқанда, күздік қырқымнан алынатын жартылай қылшықты жүн керек.

Іс жөнге салынып, пима жақсы сұранысқа ие болады. Кәсіпкер сонымен қоса шағын кілемдер, ұлттық өрнектермен әрленген көрпелер әзірлейді. Алайда күзде орын алған өрт барлық жоспарды бұзады. Бақытына қарай, өрт жалыны уақытында өшіріліп, адамдар мен жабдық зардап шекпейді. Ал шикізат базасы айтарлықтай зиян шегіп, маңдай термен алынған жүннің барлығы дерлік жанып кетеді...    

Лариса Попованың ӨКП филиалына жасаған өтініші уақытлы әрі тиімді болып шықты. «Біз аудандағы ауылдық округтердің әкімдіктеріне жүгіндік, барлық шаруашылықтарға дерлік қоңырау шалып, жүн жеткізу туралы ұсыныспен жергілікті тұрғындармен келіссөздер жүргіздік. Пима өндірісі ерекше түйткіл тудырмаса да, оның өзіндік ерекшелігі бар: күзгі қырқымнан алынған жүннің мамық талшықтары аз болады әрі жеңіл болып келеді. Күзде ол тапшы болып шықты», - деп жеткізді мәселенің мән-жайын өңірлік палатаның Астрахандағы филиалының директоры Асқат Бейсенбенов.

 

Қазір түйткіл шешіліп келеді. Шикізат көлемі біртіндеп артуда. Шикізат қажеттігі жайлы жаңалық Қостанай облысына дейін жетіп, ол жақтағы белгілі кәсіпкер жүнді қажет көлемде жеткізуге әзір. Қазір келіссөздер жүргізілуде.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер