«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алдағы жылға даярлық

2015 жылғы 15 Желтоқсан
- Ақмола облысы
8653 просмотров

ӨКП аудандық филиалдары басшыларының қатысуымен жыл қорытындысы бойынша директорат отырысы өтті

Күн тәртібінде – «Атамекен» ҚР ҰКП басымдылықты міндеттері: мемлекеттік сатып алулар, микрокредиттеу, қаржы қаражатының қолжетімділігі, жұмысбастылық, ауылшаруашылық кооперациясы, инвестиция тарту, сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік мәселелері.

ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин аталмыш басымдылықтарды дайындау, алдағы қызметті белсендіру бойынша нақты тапсырмалар беріп, алдағы 2016 жылға міндеттер мен келешек істер айқындалды.

"Бұл міндеттер алдағы жылға даярлық. Жаңа басымдылықтарды ескере отырып ауылшаруашылық кооперация аясында жергілікті нарықты зерттеуге бағытталған шаралардың кешенді жүйесін жасақтау, тауар өндірушілер қажеттіліктеріне, олардың экономикалық қызметі тиімділігіне, өңір аумағындағы инвестициялық климатқа талдау жүргізу, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қатысушыларының тізілімін жасау қажет», - деп баса көрсетті өңірлік палата директоры. Сонымен қатар өткен жылғы басымдылықтар аясында бұрын дайындалған құжаттарды өзектендіру тапсырылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер