«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Фермерлер, бірігіңдер!

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Ақмола облысы
11754 просмотров

Фермерлік қоғамдастыққа кооперациялануға белгі берілді

Кооперация мәселесі бүгінгі таңдағы нақты ахуалда ерекше өзекті. Бұл фермерлерге шаруашылықтарын күтіп ұстауға әрі дамытуға күш біріктіру мүмкіндігін береді. Кооперативтік кәсіпорын қызметінің басты мақсаты – экономикалық мүдде, атап айтқанда, ұсақ фермалар бас біріктіре отырып, жеңілдікпен кредиттеу қаражатын қол жеткізе алады. Ал бұл болашақта материалдық-техникалық базаны жақсартуға ғана емес, ауылшаруашылық жерлер сапасын көтеруге  де мүмкіндік береді.

Ақмола облысы Шортанды ауданы Бойзағыр ауылдық округіндегі тоғыз ұсақ шаруа қожалығын кооперациялау жөніндегі идея ертеде пайда боғлан еді, бірақ оны жүзеге асыруға қарапайым күмән, ағымдағы жүктелу, құжаттаманы ресімдеу жөнінен заңнаманың жекелеген талаптарын түсінбеу, заңгерлік сүйемелдің жоқтығы мүмкіндік бермеген еді.

Өңірлік палатаның Шортанды филиалына Ключи ауылының фермерлері кооперация туралы ұсыныспен, сондай-ақ қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсетуді сұрап жүгінді. Палата сарапшылары жүгінудің мәнісін анықтап, оны сүймелдеріне алды, әрі Ауылшаруашылық өндірістік кооператив тіркеуге қажет құжаттарды даярлады. Сонымен қатар өтініш иелері мемлекеттік қолдау шаралары туралы қажет ақпаратқа ие болды.

«2016 жылы мемлекеттің 10 пайызға дейінгі сыйақы мөлшерлемесін төлеуді өз мойнына алып, ауыларуашылық техника мен жабдық лизингін арзандатуды ойластырып отырған белгілі, ал басымдылықты бағыт бойынша лизинг шамамен 2% құрайды. Сонымен қатар ауылшаруашылық нысандар құрылысына кететін шығынның орнын толтыру жоспарланып отыр: қоймалар, мал өсіру базалары, элеваторлар - 30% дейін, бірінші репродукцияның элиталы тұқымдарын сатып алуға субсидияның бір тоннасы үшін 24 000 теңгеден 40 000 тоннаға дейін көтеру. Сонымен қатар тұқымдар сатып алуға субсидиялауды ауданның 10%-ына дейін ұлғайту қарастырылуда», -  деп түсіндірді ӨКП Шортанды филиалының директоры Темербек Алғазин. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер