«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпті қалай дұрыс таңдау керек?

2015 жылғы 16 Қазан
- Ақтөбе облысы
12708 просмотров

Ақтөбелік 14 мектепте кәсіптік бағдар кабинеті ашылады

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары жасап жатқан жұмыстарының жастардың кәсіп таңдауына көмектесеріне сенеді.

Бүгінде еңбек нарығы және кәсіпорындар сауатты, өз бетінше ойланатын мамандарға зәру. Түлектер болашақ мамандығын санасыз түрде таңдайтын жағдайлар кездесіп тұрады. Оған әсер ететін факторлар: грант алу мүмкіндігі, жақын адамдардың ықпалы, мамандықтың беделі және еңбек төлемінің жоғарылығы, болашақта жұмысқа тұру үшін кез-келген дипломды алу.

Осыған орай Кәсіпкерлер палатасы жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар кабинеттерін ашуды жалғастырып, жүйелі жұмысты жөнге салуды ұсынады. Палатада биылдан бастап осындай кабинеттер жұмыс жасай бастайтын мектептер өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

«Өкінішке орай, мамандықты алу үшін ішкі қажеттіліктерін жүзеге асыру мүмкіндігі сирек қаралады, ал түлектер өңір экономикасы қажеттілігін қанағаттандыру үшін мамандықтың қажеттілігі жайлы ақпараттан хабардар болмайды. Осыған орай жастар мен оқушылар арасында мақсатқа бағытталған кәсіптік бағдар жұмысын жүргізуге аса зор назар аудару қажет. Дәл осы мектеп қабырғасынан, төменгі сыныптардан бастап болашақ кәсіби қызметті таңдау, оқушылар бойында еңбекке деген қатынасты қалыптастыру, өмірлік ұстанымдарын анықтау үшін, кәсіптік бағдар жұмысы жүргізілуі қажет. Және де осының бәрі еңбек нарығының талаптарын ескере отырып жүргізілуге тиіс», - деп атады директордың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Дәмелі Құнанова.

Күллі қоғамды, сонымен бірге кәсіпкерлерді тартумен жүргізілген жүйелі жұмыс кәсіби бағдарды дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығара алады.

«Оқушылар үшін кәсіп таңдау кезінде олардың кәсіби бағдар қызметтеріне деген қажеттілігін анықтау, олардың тұлғалық қасиеттерін, қабілеттері мен икемдерін анықтау жөніндегі жұмысты күшейту қажет деп есептейміз», - деді қорыта келіп Дәмелі Құнанова мектеп өкілдеріне қарата. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер