«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдер бизнесіне арналған тауашалар

2015 жылғы 12 Қазан
- Ақмола облысы
10049 просмотров

ҚР Кәсіпкер әйелдер одағы Ақмола облысында БАҚ және кәсіпкер әйелдер арасында «Әйелдер бизнесі» байқауын өткізеді

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасында Қазақстанның Кәсіпкер әйелдері одағы ұйымдастырған дөңгелек үстел басында өңірдегі әйелдер бизнесін дамыту мәселелері талқыланды.

Ақмола обылысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы берген ақпарат бойынша, өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің 30 пайызын әйелдер басқарады екен.

Қазақстанның Кәсіпкер әйелдер одағының төрайымы Меруерт Қазбекова хабарлағандай, әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі ынталандыру үшін Ақмола облысы Кәсіпкер әйелдері мен БАҚ арасында «Әйелдер бизнесі» байқауын өткізу жоспарланып отыр.

«Біз аталмыш байқауды үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекеттік органдардың қоғамдық, кәсіпкерлік және мемлекеттік қызметінің әлеуметтік бағдарлы формасын насихаттау, кәсіпкер әйелдердің кәсіби өсуін ынталандыру, әлеуметтік серіктестікті күшейту және азаматтық қоғамды дамыту мақсатында өткізіп отырмыз», - дейді Меруерт Қазбекова.

Кәсіпкерлер палатасының әйелдер бизнесін дамытуға салмақты үлес қосып жүргенін атап өту керек. Биыл Өңірлік іскер әйелдер кеңесі құрылып, табыспен қызмет жасап жатыр. Тұрақты негізде көшпелі кеңестер ұйымдастырылып, оның барысында ісін бастаушы және әлеуетті кәсіпкер әйелдермен кездесулер өткізіледі, бизнес жүргізу тәжірибесімен бөліседі. Өңірлік Палата сонымен қатар «Ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігі» жобасына қатысады.

Отырыста өңірдегі бизнесмен ханымдарға ұшырасатын түйткілдер жайлы сөз болды. Мәселен, ауылда бизнесті құруға немесе дамытуға кредит алу өте қиын. Кәсіпкер әйелдердің айтуынша, бүгінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры мемлекеттік бағдарламалардың ең қолжетімді операторы болып табылады.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер