«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

3D өлшемдегі технологияшыл армандар

2015 жылғы 16 Қыркүйек
- Ақмола облысы
9970 просмотров

Степногорда өзіміздің Стив Джобс өсіп келеді…

Биылғы жылдың қаңтар айында Степногор қаласындағы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына Рүстем Дүйсембаев «3D-баспа салонын» ашу идеясымен жүгінеді.

Бизнестің осындай жаңа, әдеттен тыс әрі келешегі бар бағыты соңғы кезде кең таралуда. 3D-принтер көмегімен жоғары сапалы пластиктен кез-келген бұйымды әзірлеп шығуға болады.

Талапты бозбала көптеген арнайы әдебиетті аударыстырып, сағаттап Интернетті аралап, өзіне қажет ақпарат іздеді. Жеке бизнес құру мүмкіндіктері мен келешегін достарымен бірге талқылады. Таңдауын электронды техникаға әуестігі де анықтап берді десек, жаңылыспаймыз.

Кезінде электроникадағы инновацияларға деген қызығушылығы Рүстемді Политехникалық лицейге алып келген еді. Кейін білімін тереңдетуге бел буып, Тау-кен техникалық колледжінің «Есептеуіш техника және бағдарламалық жасақтама» мамандығына түседі. Оқуды да ықыласпен оқиды...

Жаңа біліммен қаруланған және жақындарының қолдауына сүйенген болашақ бизнесмен жергілікті Кәсіпкерлікті қолдау орталығына барады.

КҚО сарапшылары оған қолдау көрсетіп, бизнес-жоспар дайындауға көмектеседі. Олар сонымен бірге барлық қажет құжаттарды жинауға әрі ресімдеуге көмек береді. Сонымен қатар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына гранттық қаржыландыру алуға өтінім беруге кеңес береді.

Өтінім әзірше арнайы комиссия қарауында жатыр. Бірақ бастамашыл қалалық сәттілікке ғана сенім артпай, басқа да мүмкіндіктерді қарастыруда. Мемлекеттік бағдарламалардың бірі бойынша кредиттік ресурстар оған балама болар еді, алайда арманын іске асыру мүмкін болмай отыр, себебі кепілдіктік қамсыздандыру қажет. Ал қамсыздандыру болмай отыр, себебі ол балалар үйінің тәрбиеленушісі болып табылады.

Рүстемнің тағы бір арманы бар: қаладағы балалар үшін роботты техника үйірмесін ұйымдастыру. Ол 3D-баспаға арналған жабдықтың көмегімен балалар өз идеяларын өмірге әкеле алар еді деп есептейді.

Әзірше бозбала өзіне, өз білімі мен достарының қолдауына ғана сенеді. Болашақта жеңілдікті кредиттер мен гранттарды қарастырып, мемлекеттің өзі сияқты балаларды, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдауға мүмкіндік табарына сенеді.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер