«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тәуекел тобымен бетпе-бет

2015 жылғы 10 Қыркүйек
- Ақмола облысы
10068 просмотров

Палата мүгедек кәсіпкерлермен жұмысты ерекше бағытқа шығармақшы

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы және Көкшетау қаласы «Шанс» Мүгедектерді оңалту орталығы ынтымақтастық туралы меморандум жасаспақшы. Мұндай шешімге өңірдегі жағдайға жасалған мониторинг желеу болып отыр. Ол «тәуекел топтары» деп аталатын шекте мүгедек кәсіпкерлердің де табылатынын көрсеткен.

«Ерекше қажеттілікті кәсіпкерлер түйткіліне назар бұруымыз қажет, олардың толғақты мәселелерін шешуге көмектесуіміз қажет», - деп мәлімдеді ӨКП директоры Уәлихан Ғабдуллин.

«Шанс» Мүгедектерді оңалту орталығы» Қоғамдық бірлестігінің директоры Василий Шиманскиймен кездесу барысында екі ұйым арасындағы ынтымақтастық және тиімді әрекеттестік мәселелері, сонымен қатар мүгедек кәсіпкерлерге ұшырасып тұратын біраз түйткілдер талқыланды. Аталмыш мәселелерді біршама мәндік тұрғыдан талқылау үшін Кәсіпкерлер палатасы алаңында дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.

Василий Шиманский өңірде кеңінен танымал: белсенді қоғамшыл, мүгедектер құқығы үшін күресуші. Ол Көкшетау қаласында «Инватакси» қызметін ұйымдастырды. Осының арқасында ерекше қажетілікті жандар қозғалыс еркіндігіне ие болды.

Василий Шиманскийге Көкшетау қаласында тұратын мүгедектер қызметтерге қолжетімділіктеріне бөгет жасайтын кедергілерді жеңіп шығу, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салалар мәселелерін шешуде жиі көмек сұрап тұрады. Алайда бүгінде, Василий Шиманскийдің пікірінше, басты мәселе – бұл жұмысқа тұру. Қаланың көптеген кәсіпорындары олардың кәсіби біліктіліктеріне сенбейді және мүгедектерге көмекке келе бермейді.

Өңірлік палата директоры аталмыш мәселелердің жуықта шешімін табатынын атап өтіп, оларды бақылауға алды. Жұмысқа мұқтаж мүгедектерді қанатының астына алу жоспарланып отыр. Қажет болып жатса, инклюзивті білім беру аясында оқудан өтіп, сосын жұмысқа тұрғызылады. Ол үшін Палата сарапшылары облыс орталығындағы бірқатар кәсіпорындармен олардың осындай ынтымақтастыққа дайындығын талқылаудан өткізеді. Сонымен қатар, өңірдегі мүгедек кәсіпкерлер деректер базасын жасақтау, сосын Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары көмегімен олардың түйткілдерін сол орында шешу (стартаптарды, бизнес-идеяларды жүзеге асрыуға және т.б. көмек) жоспарлануда.

Қазірде Василий Шиманскийді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес құрамына кіргізу мәселесі қаралуда.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер