«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекен» сотқа беруде!

2015 жылғы 05 Тамыз
14965 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында қазақстандық тасымалдаушылардың құқығын қорғау үшін Еуразиялық Экономикалық Одақ сотына жүгінуге шешім қабылданды

Қазақстан Ресей құрсаулап отырған Халықаралық жол тасымалдары (ХЖТ – TIR)  Конвенциясына қайтып оралуды алға тартып отыр. Ресейдің Федералдық кеден қызметі өкілдері қазақстандық тасымалдаушылардың ХЖТ кітапшасын (1975 жылғы ХЖТ Конвенциясы) қолданумен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Кеден конвенциясымен мағлұмдалған құқықтарын мойындаудан бас тарта отырып, оларға кедергі келтіруде.

Біздің анықтама

ХЖТ кітапшасын (ХЖТ Конвенциясы, 1975 ж.) қолданумен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Кеден конвенциясы БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қамқорлығымен дайындалған болатын.

Ол БҰҰ ЕЭК 1949 жылғы 16 маусымда күшіне енген алдыңғы екі конвенциясынан бастау алады: бірі – жүк автомобильдері бойынша, және де екіншісі – жүк автомильдері тасымалдары бойынша. Аталмыш екі келісім уақытша сипатта болған және еуропалық елдердің шағын ғана бөлігін қамтиды.

Кедендік формалдылықтар импортталатын тауарларға шекараларда емес, жеткізілген орында қолданылуы үшін, депозит, кепілдік немесе гарантия түріндегі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің транзиттік жүйесінің тұтас жұмыс механизмін, сонымен қатар транзитпен келе жатқан тауарлардың тұтастығын қамтамасыз ету тәсілін табу керек болады.

ХЖТ кітапшасын және тиісті түрде бекітілген конструкциясының типі бойынша жол берілетін көлік құралын қолдану түріндегі шешім табыла кетеді.

1949 жылғы алдын-ала келісімнің табысты болғаны соншалық, ХАКО (Халықаралық автомобиль көлігі одағы) ұсыныстарына сүйене отырып ХЖТ Конвенциясына 17 ел қол қойды. Конвенция конструкция типі жөнінен жол берілетін көлік құралдарында кедендік мөрлермен және бітемелермен тасылатын жүктердің жолда тексерілмеуге тиістігін белгілейді. Сәйкес баждар мен салықтарды төлеу тауардың мақсатты орнына жеткізілгеніне дейін шегеріледі. Қазірде ХЖТ Конвенциясы күллі әлемде келісімге келген 68 елде ратификацияланған.

1975 жылы ХЖТ Конвенциясы көліктің теңіз контейнерлерін, ал кейін құрама темір жол-автожол тасымалдарын жеңілдету үшін, ішкі тасымалдар мен алмалы шанақтарға арналған контейнерлерді  қолданушы жаңа түрлерін ескере отырып қайта қаралады.

1975 жылғы ХЖТ Конвенциясы 1978 жылы күшіне енген сәттен бастап 20 рет жаңартылған. Ең соңғы түзетулер 2006 жылғы 12 тамызда ХЖТ кітапшыларын (SafeTIR ретінде көбірек танымал) қолдануды электронды бақылау жүйесіне қатысты 10 Қосымшаны қосумен күшіне енді.

2013 жылғы 4 шілдеде Ресейдің Федералдық кедендік қызметі Ресей Федерациясы аумағында ХЖТ Конвенциясының әрекетін іс жүзінде тоқтату туралы шешім қабылдайды. Кейін бұл мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің отырыстарында бірнеше мәрте талқыланды, себебі қазақстандық тасымалдаушыларды тәуелді жағдайға қалдырады.

2013 жылғы 14 тамызда Суздальда өткен ЕЭК Кеңесінде Федералдық кеден қызметінің (ФКҚ) Төрағасы Юрий Бельянинов бұл шешімнің қазақстандық тасымалдаушыларға қатысты қолданылмайтындығын растады.

2014 жылғы 31 қаңтарда Мәскеуде Кеңес отырысының аясында тараптар Қазақстан Республикасына қазақстандық тасымалдаушылар жүзеге асырушы тауарлар транзиті кезінде шектеулерді алып тастау туралы келісті. Сонымен бірге сол жылдың 6 ақпанында ФКҚ қазақстандық автокөлік құралдарын ХЖТ Конвенциясы шарттарында өткізуді Брянск кеден қызметінің өңірінде орналасқан өткізу бекеттері арқылы ғана іске асыруға шешім қабылдайды.

2014 жылғы 15 сәуірде қазақстандық Тарап мәселені үкімет басшылары деңгейінде қайтадан Жоғарғы Кеңес отырысына шығарады. Осы отырыс қорытындысы бойынша ФКҚ қосымша Республикаға ХЖТ процедурасы шартында Воронеж кеден бекеті арқылы тауар транзитіне рұқсат етеді.

(Бұл бағыттар бойынша (Брянск, Воронеж) ҚР-ға тауарлар транзитінің бір бөлігі ғана жүзеге асырылатын атап өтеміз, ал бұл тасымалдардың жалпы үлесінен 10 % құрайды.)

Алайда 2014 жылғы шілде айынан бастап Брянск және Воронеж кедендері қазақстандық тасымалдаушылардың елімізге тауар транзиттеуі жайлы өкімін орындамайды.

2014 жылғы 14 тамызда ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев пен РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Игорь Шувалов арасында кездесу өтті. Нәтижесінде транзиттік декларация берген жағдайда Қазақстан Республикасында тіркелген көлік компанияларының ХЖТ кітапшасын қолданумен еркін транзиттік өтуін ресейлік тараптың қамтамасыз етуі туралы келісуге қол жеткізіледі.

Ал ФКҚ төрағасының 2014 жылғы 15 тамыздағы № 710 өкімімен Қазақстанда ішкі тұтынуға арналған тауарлардың жекелеген санатының Ресей Федерацисы аумағымен транзиттік өтуіне рұқсат етіледі.

Алайда, қол жеткізілген келісулерге қарамастан, қазақстандық тасымалдаушылар Ресей аумағы арқылы транзиттік өту үшін қосымша алым сомасын бұрынғыша төлеп жүр.

Осы жылдың 25 ақпанында РФ президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының Үкіметіне Ресей аумағында ХЖТ Конвенциясының үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз етуді тапсырады. Қазірге дейін оның тапсырмасы орындалып отырған жоқ.

Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен ХЖТ Конвенциясы жөніндегі мәселе Еуразиялық үкіметаралық кеңестің күн тәртібіне кіргізілді. Енді міне, 29 мамырда Бурабай қаласында қазақстандық тарап бастамасымен «Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ХЖТ Конвенциясын қолданумен кедергісіз транзиттік өтуді қамтамасыз ету шарттары туралы» Еуразиялық Үкіметаралық Кеңес Өкіміне қол қойылды.

Осы құжатқа сәйкес ЕАЭО мүше мемлекеттері үкіметтеріне Еуразиялық экономикалық одақ аумағында 1975 жылғы ХЖТ Кітапшасын (ХЖТ Конвенциясын) қолданумен жүктерді халықаралық тасымалдау туралы Кеден конвенциясының үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз ету тапсырылады.

Бірақ, қазақстандық тараптың бірнеше мәрте жүгінуіне қарамастан мәселе бүгінгі күнге дейін шешімін таппай отыр, ал Ресей Федерациясының өңірлік кеден басқармалары қазақстандық тасымалдаушылардан қосымша қаржылай төлемдер талап етуде. Оның үстіне, транзит үшін төлемге түрлі «Кеден маңындағы» құрылымдар қызметі де қосылады. Тасымалдаушылар «Ростэк» ФМУК кепілгерлігі үшін және «Арсенал» сақтандыру компаниясының күзетіп алып жүруін ұйымдастырғаны үшін, кедендік-брокерлік қызмет көрсеткені үшін, транзиттік декларацияны ресімдегені үшін, УСҚ қызметтері үшін төлейді… Төлей береді, төлей береді… Кеденшілер жаңа төлемдерді тағайындауда ерекше тапқыштық көрсетуде.

Қалыптасқан жағдай қазақстандық бизнес үшін қызмет жағдайының айтарлықтай нашарлауына алып келді. Ресей кеден органдарының әрекеттері өткізу бекеттеріндегі процедураларды ресімдеуге кететін уақыттың артуына алып келді. Қазақстандық автокөлік құралдарының шекарада 3-4 күн бойы тұрып қалуы да көбейді. Жүргізушілер жүру бағытын өзгертуге мәжбүр.

ҰКП сарапшылары Ресейдің Федералдық кеден қызметі өз әрекетімен Кеден Одағының әрекеттегі Кеден кодексінің 217 бабы 2 тармағы 3) тармақшасында реттемеленген нормаларды бұзып отыр деп есептейді. Мұнда кеден органдарының кеден транзиті кезінде, егер бұл халықаралық шарттарда белгіленген болса (бұл жағдайда ХЖТ Конвенциясы), кедендік төлемдер мен салықтарды қамтамасыз етуді ұсынуын талап етпейтіні айқындалған. Сонымен қатар, аталып өткендей, «Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ХЖТ Конвенциясын қолданумен кедергісіз транзиттік өтуді қамтамасыз ету шарттары туралы» Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Өкімі орындалмайды.

Ал жақында 300 тасымалдаушыны біріктіретін «ҚазАТО халықаралық автомобильдер тасымалы одағы» Ресей ФКҚ қосымша бақылау шаралары қолданылмайтын ХЖТ кітапшасын ресімдеу жүргізілетін халықаралық втомобиль өткізу бекеттерінің алдын ала тізбесін ұсынғаны жайлы ақпарат берді.

Алайда шын мәнісінде бұл бекеттер ХЖТ кітапшалары бойынша тасымалдауларды ресімдеуге қабылдамайды. ҚазАТО ұсынған алдын ала деректер бойынша, маусым айында 86 ХЖТ кітапшасы, шілде айында 11-і ресімдеуге қабылданбаған. 

Ресей Федерациясы аумағымен Қазақстан Республикасына транзитпен Түркия, Молдова, Италия, Литва, Германия мен Польшадан келе жатқан тасымалдар шектелген.

Осыған орай Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық тасымалдаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін «Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ХЖТ Конвенциясын қолданумен кедергісіз транзиттік өтуді қамтамасыз ету шарттары туралы» Еуразиялық үкіметаралық кеңес Өкімін жүзеге асыру бойынша Еуразиялық Экономикалық Одақ сотына жүгінуге шешім қабылдады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер