«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тері бұйымдарын таңбалау кодтары 10 есеге қымбаттауы мүмкін

2021 жылғы 30 Сәуір
11210 просмотров

Таңбалау операторы – «Қазақтелеком» АҚ таңбалау кодтары құнын жоғарылатуды ұсынды, сәйкес қаулының жобасы әзірленді.

 2020 жылы Қазақстанда тауарларды таңбалау және тауарлардың қозғалысын қадағалаудың бірыңғай операторы болып «Қазақтелеком» АҚ тағайындалды. Жыл басынан тері бұйымдарын таңбалаудың ақпараттық жүйесін бюджет есебінен қаржыландыру тоқтатылды, жүйе бірыңғай оператор қарамағына өтті. Осыған байланысты оператор бақылау сәйкестендіру белгілері (БСБ) құнын 400 теңгеден 4 111 теңгеге дейін жоғарылатуды ұсынды.

 «Ұсынылған сома қолданыстағы 400 теңге мөлшеріндегі ставкадан он есе жоғары. Біз Үкіметте өткен жиында өз позициямызды білдірдік әрі ақпараттық жүйені күтіп-ұстау мәселесі кәсіпкер иығына салмақ болып түспеуі керек», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Темірханов.  

Тері бұйымдарын міндетті таңбалау Қазақстанда 2017 жылы басталды. 2020 жылдың қазан айынан бастап темекі өнімдерін таңбалау міндетті, 1 шілдеден бастап аяқ киім өнімдерін таңбаладауды енгізу жоспарланған. Сонымен қатар алкоголь және сүт өнімдері, дәрі-дәрмек және жеңіл өнеркәсібі тауарлары бойынша пилоттық жобалар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ шөлмектелген ауыз су мен құрамында қанты бар сусындар бойынша пилоттық жобаларды іске қосу жоспарланған.

 «Пилоттық жобалар олқы тұстарды анықтауға, кәсіпкерлерді міндетті таңбалауға дайындауға мүмкіндік береді.   Ұлттық палата бизнестің пилоттық жобалар процесінде туындайтын проблемалық мәселелерін уәкілетті мемлекеттік органдарға үнемі жеткізіп отырады, сонымен қатар, Үкімет отандық өндірушілерге қолдау көрсетуге дайын екенін  білдіреді. Қазір кезде таңбалауға қатысатын кәсіпкерлерді қолдау шаралары пысықталуда», – деді ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

 Үкімет «Атамекеннің» алкоголь өнімдері бойынша пилоттық жобаларды енгізу мерзімін 1 қазанға дейін, дәрі-дәрмек және сүт өнімдері бойынша 30 маусымға дейін ұзарту ұсынысын қолдады. Атқарылған жұмысқа қарамастан жүйелік проблемалар баяу шешіледі. Бірыңғай оператордың мәлеметтері бойынша 2021 жылдың сәуіріндегі жағдайға сәйкес бөлшек сауда субъектілерінің 60%-ы таңбаланған темекі өнімдерін айналымнан шығаруға 2D-сканерлерін сатып алған.

 «Таңбаланған тауарларды айналымнан шығару мәселесі басқа тауарлар бойынша да туындайды, өйткені жүргізіліп жатқан пилоттық жобалар шартты түрде жүргізіліп, тауарды айналымға кіргізу және айналымнан шығаруға дейінгі процестерді толығымен қамтымайды. Барлық нарық қатысушыларымен бірге өнімді таңбалаудың бүкіл циклын пысықтап барып, содан кейін ғана таңбалауды міндетті деп жариялау керек», – деп қорытындылады Талғат Темірханов.

 ЕАЭО елдерінде аяқ киім өнімдері, жеңіл өнеркәсібі тауарлары, әтір, иіссу, шиналар және дөңгелек тысы, фотокамералар, сүт өнімдеріне міндетті таңбалау енгізілген. Ресейдің шөлмектелген су және велосипедтерді таңбалау бойынша бастамалары қарауда жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер